Хикмет
баспа үйі
199
Тағы Хазіреті Айшаның (радиаллаһу анһә)
баяндағанына қарағанда, ансардан оны зиярат етуге
келген бір әйел Расулуллаһтың төсегінің бүктелген
бір көрпеше ғана екендігін көргенде, жүгіріп үйіне
барып ішіне жүн толтырылған бір төсек алып келе-
ді. Төсегінің ауысқанын көрген Хазіреті Пайғамбар
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), бүған разы еместігін
айтып Хазіреті Айшаға:
«Ей, Айша! Ана төсекті кдйтарып бер. Аллаһқа
ант етемін, егер қаласам, Аллаһ алтын мен күміс
тауларды маған ертіп, әміріме берер еді» -
дейді.
(Ах-
мед бин Ханбал, Китабуз-Зүһд, 30 б)
Өмір мен оқиғалар кезінде осы пайғамбар
үстанымын ұстанғандардың қағидасына айналған
«зүһд» пен «тақуалықты» кейде қате түсінеді.
Бұларды дүние нығметтері мен байлықтан үзілді-ке-
сілді бас тарту деп түсінеді. Алайда тек байлықпен
орындалатын ғибадаттар да Хақ Тағала алдында
үлкен мәнге ие. Құран Кәримде 200 жерде қайыр
(инфақ) сөзі айтылады. Исламның бес негізінің еке-
уі қажылық пен зекеттің орындалуы, діни түрғыда
байлықтың ең төменгі шегі болып саналатын нисап
мөлшері дүние-мүлікке ие болумен орындалады.
Бірақ, «берген қолдың» «алған қолдан»жоғары екен-
дігі турасындағыИслами қағида
(Бухари, Зекет, 18)
да осы
ғибадаттың нисабына ие болу керектігіне жетелейтін
жәйт. Олай болса, діннің уағыздаған бір мәселесіне
қайшы келе алмайды.
Күнә мен ғапылдыққа салынудан қорқып, дүние
нығметтеріне көңіл тоқтығымен қарау - зүһд пен
тақуалықтың шарты екендігі шындық. Бірақ, бұл