200
Хикмет
баспа үйі
көңіл тоқтығы жүрекпен болады, іс жүзінде не-
месе сырттай емес. Яғни зүһд пен истиғна дүние
нығметтерімен айналысумен қатар жүректен орын
бермеу. Сондықтан зүһд кедейлік емес, бай-кедей,
барлық мүминге қажет рухани бір ұстаным.
Құдайдың тағдырының нәтижесінде сырттай
пақырлық пен мұқтаждықта өмір сүрген адам,
жүрегімен дүниелік қалаулардың соңына түссе, зүһд
пен истиғна иесі болып саналмайды. Сірә, зүһд және
истиғна тағдырдың салғанымен азға қанағат ету емес,
ерікті түрде жүректі дүниеге тұтқын болудан сақтау.
Сондай-ақ мына бір қисса осы қағиданы тамаша
түсіндіреді:
Шах Нақшибәнд Хазіретінің тәрбиесінде болған
үлкен әулие Мұхаммед Париса Хазіреті қажылыққа
кетіп бара жатып, жол бойы дамылдаған Бағдат
шаһарында бір жас зергерге жолығады. Жігіттің
көптеген түтынушымен дамылсыз сауда жасаған
уақытын шектен тыс дүниемен шұғылданып
өткізгенін ойлап, муңаяды, ішінен:
«Обал-ай! Мына жігітХақ Тағалаға құлшылық
етудің орнына басқа іске көңілі ауыпты!» - дейді.
Бірақ, жігіттің жүрегіне назар салғанда, мүшелері
дүниелік іспен, жүрегі болса Раббысымен бірге зікір
етуде екендігін таңдана тамашалайды.
Бұл жолы:
«Бәрекелді! Қолы пайдада, көңілі жарда!» - деп,
жігіттің халін қатгы ұнатады.
Хижазға барғанында Қағбаның жамылғысына
оранған мұңая жылаған ак, сақалды бір қартқа