Previous Page  196 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 196 / 382 Next Page
Page Background

198

Хикмет

баспа үйі

«Кіріңдер, қысылмаңдар»

- деп, нанды турап,

үстіне ет қойып, сорпасын осының үстіне құйды.

Ақыры, барлық сахабалар тойды. Біраз тамақ ар-

тылып қалды. Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) әйеліме:

«Мынаны же, сонаң соң көршілеріңе де, бер.

Өйткені айналаны аштық басты -

деді».

(Имам Нәбәуи,

Хадислерле Ислам, 363 б)

Осы хадисте де баяндалғаны сияқты, Хазіреті

Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тамаққа

бірнеше адаммен бірге езі шақырылса да, көңілі

бұған разы болмай, басқа сахабаларды да қасына

ертіп апарып, рахмет пен мейірімге толы көңілінің

қамқоршы сипатын танытып, «үмметім, үмметім»

сырын жарыққа шығарды. Сонымен қатар шақырған

адамның үйіне барған кезде, әрине, барлық сахабалар

соның жегенін қаласа да, Расулуллаһтың ең алдымен

сахабаларына ұсынып, солармен бірге тоюы, сондай-

ақ өзі қызмет етуі және барлық сахабалар тойған соң

үй иелерінің қалған тамақты таратуын сұрауы, Оның

көңіліндегі ең терең мархабат пен мейірімнің теңдесі

жоқ көріністерінің бірі, біз де оның осы мейіріміне

жүгініп, «Уа, Расулаллаһ! Шапағат!» демекпіз.

Әлемге

рахмет

ретінде

жіберілген

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

зүһд пен тақуалық өмірі бойынша, қиыншылықта

болғаны сияқты, молшылықта да үнемі азға қанағат

етіп, Аллаһ Тағалаға былай жалбарынатын:

«Аллаһым! Мухаммед әулетінің азығын жете-

тіндей ғана ет».

(Бұхари, Риқақ, 17)