Хикмет
баспа үйі
197
«Уа, Расулаллаһ! Үйге баруға рұқсат етіңіз» - де-
дім. Рұқсат етті. Үйге барып, әйеліме:
«МенРасулуллаһтыңхалінешыдай алмадым. Үйде
жейтін ештеңе жоқ па?» - дедім. Әйелім:
«Аздаған арпа мен бір лақ бар» - деді.
Мен лақты сойдым, әйелім арпаны үгітіп, нан пі-
сірді. Етін қазанға салдық. Нан пісіп, қазан қайнап
жатқанда Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) барып:
«Аздаған тамағымыз бар. Бір екі адам ертіп, үйге
келіңіз,»-деп өтіндім. Пайғамбарымыз:
«Қанша тамағың бар?»
- деп сұрады. Барын айт-
тым.
«Әрі көп, әрі өте жақсы! Әйеліңе: «Мен барғанша
қазанды оттан түсірмесін, нанды тандыр-
дан шығармасын деп айт» - деді. Сахабаларына
«Тұрыңдар!» -
деп бұйырды. Мүһәжирлер мен Әнсар,
бәрі бірге орындарынан тұрды.
Мұны көргенде әйеліме барып (тамақтың аздығы
мен жеткіліксіздігінен қорқып, сол сәт абыржып):
«Әне, Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм),
Мүһәжир, Әнсар және оларға қосылған басқалары,
бәрі бірге келе жатыр» - дедім. Әйелім:
«Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
әзірлегеніміздің қаншалықты екендігін сұраған жоқ
па?» - деді. «Иә, сұрады» - дедім. «Олай болса, абыр-
жыма» - деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) келгендерге: