Previous Page  199 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 199 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

201

жолығады. Басында адамның жалынышты тілекпен

Аллаһ Тағалаға жапбарынғандығына, оның сыртқы

пішініне қарап:

«Шіркін, мен де осылай жылап, Хаққа жалбарын-

сам ғой,» - деп, сол адамның халіне қызыға қарайды.

Содан соң оның жүрегіне қараса, барлық дұғалары

мен көз жасы фәни дүниелік үшін екендігін көреді.

Оған нәзік жүрегі қайғырады.

Қиссаның өнегесіне бақсақ, ең маңыздысы -

дүниеуи күйбең тіршілікгі ақыретке нұқсан келтір-

мей жалғастыра білу.

Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) да дүние

өмірінде адамды жаратылыс дариясында жүзген бір

кемеге балап, былай дейді:

«Егер дария кеменің астында болса, оған сүйеу бо-

лады. Бірақ, толқын кеменің ішіне кіре бастаса, оны

батырады».

Расында,

дүниелік

нығметтердің

жүректі

Аллаһтан тыйып, өзіне байлау турасындағы рухани

қаупі жоққа шығарылмайды. Негізінде, әр бір мүмин

Қуран Кәримде бұл қауіптен «мал» және «балаға»

бағытталған «фитнә» сөзімен ескерткен. Олай болса,

дүниемен айналысқан кезде жүректі ғапылдықтан

қорғау керек. Жүрек дүние сүйіспеншілігінен

қорғана алмаған жағдайда дүниенің бір зәррәсі де

жиіркенішті болып саналады.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«(Нәпсіқумарлыққа толы) дүние ләззаттары

ақыреттің қайгысы. (Сынақ бабындағы) дүниенің