Previous Page  200 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 200 / 382 Next Page
Page Background

202

Хикмет

баспа үйі

ауыртпалығы болса, ақыреттің ләззаттары»

(Ха-

ким, Мүстәдрәк, IV т. 345 б)

- деген.

Екінші бір хадисте:

«Дүние тәтті жөне көрінісі тартымды.

Шүбәсіз, Аллаһ дүниенің басшылығын сендерге бе-

ріп, кдлай іс-әрекет ететіндеріңе, кдндай істер

атқаратындықтарыңа қарайды. Олай болса,

дүниеден сақтаныңдар»

(Муслим, Зікір, 99)

- деген.

Бір күні таң намазы үшін үйден шыққалы

жатқанымда, сырттан екі мысықтың жан айқайын

естідім. Білмек болып аулағашығып, оларға қарасам,

екі мысық қарама-қарсы тұрып алып, шабуылдауға

әзір бір кішкентай қабылан сияқты ырылдап, еш

қимылсыз бір бірлеріне ызбарлана қарағандығын

көрдім. Жүндері тікірейіп кеткен. Кішкене бір ша-

буылда екіншісін паршалауға бел буған. Осыншама

шектен тыс қарсыласудың себебі не екен деп ойланып

тұрғанымда,ортасындаөлгенбіркішкенетышқанның

жатқанын көрдім. Мысықтар сол тышқан жемтігіне

қол жеткізу үшін осыншама күреске түскен екен.

Екіншісін талау немесе талануға бел буып, бір-біріне

қарсы көзге алған зиянның себебі ортадағы кішкене

ғана тышқан жемтігі екен!

Бұл, негізінде, үлкен бір ғибрат көрінісі еді. Бір

жемтікке тоқ көңілмен қарамаудан душар болатын

жаман нәтижелерді көрсеткен еді. Бір қарағанда

дүние жетегіне ергендердің бос ашкөзділіктері үшін

ақырет қасіретін таңдауын еске түсіреді. Қаншама

ғапылдардың мықтап жабысып, соңына түскен фәни

әуестік, құмарлық пен бет бұрумен уақытша мәртебе,

атақ пен басшылық ұмтылыстарының бір жемтік