Previous Page  194 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 194 / 382 Next Page
Page Background

196

Хикмет

баспа үйі

Аллаһ Расулының тұлғалығына қайран қалып,

оның ізімен жүрген сахабалар;

«Исламға кіріп, өзіне жететіндей ғана бір

рызыққа қанағат еткен адам қандай бақытты!»

(Тирмизи, Зүһд, 35)

деген Жаратылыс Нұрының дүниеге

көзқарасын өз өмірінде ұстанбайынша, осы үлық ке-

руенге жету мүмкін болмайтындығын түсінген еді.

Олар пайғамбар тәрбиесімен тәрбиеленгендіктен,

үмбетке парасаттылық негіздерін танытқан жол сіл-

теуші адамдар болды. Өзі мұқтаж бола тұра, басқа

бір мұқтаж бауырын көрген кезде нәпсісінен бас тар-

тып, мүмин бауырын нығметке өзінен де лайық тану

және мүмкіндіктерін соған беру қасиетін адамдарға

үйреткен де солар.

Сондай-ақ, Хазіреті Айша (радиаллаһу анһә) ана-

мыз былай дейді:

«Расулуллаһтың үйінде ешқашан тойғанша

тамақ жемейтінбіз. Қаласақ, тояр едік. Бірақ

(мүмин бауырларымызды ойлап) исар ететінбіз».

Хазіреті Жәбир (радиаллаһу анһу) де Хәндәк

соғысының алдындағы үлкен орлар қазған сол қиын

кездердегі бір естелігін былай жеткізеді:

«Біз ор қазып жатып, қатты бір жартасқа тап

болдық. Сахабалар Расулуллаһқа келіп жағдайды

баяндаған кезде Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) өзі орға түсті. Тесені қолына алып ұрғанда,

сол қатты тас құм сияқты шашылды. Осы мұғжиза

көрініс тапқан кезде Аллаһ Расулының аштықтан

қарнына тас байлағанын көрдік. Өйткені, сол жерде

болған үш күн бойы ештеңе жемеген едік. Сонда: