194
Хикмет
баспа үйі
«Қанағат - бітпейтін кдзына»
(Дәйләми, Мүснәд,
4699) -
хадисі бойынша, жүректің Хақ Тағалаға
жақындығының нәтижесінде рухани тойынып,
тыныштыққа қауышуы. Өйткені, қанағатқа толған
жүрек дүниеуи қауіп-қатерлерден құтылады. Рух
мәңгілікті түсініп, осылайша мүминдегі фәни
ләззаттардың күші (тартымдылығы) аяқталады.
Мұны ең тамаша кәмілдікпен ұстанып, рухани
шыңға жеткен Хақ достарының өмірлері истиғна мы-
салдарына толы:
ХазіретіОмардың(радиаллаһуанһу)халифаболған
кезінде Сирия, Палестина, Мысыр сияқты өлкелер
алынып, Иран жері толықтай Ислам мемлекетінің
шекарасына кірді. Византия мен Иранның мол
қазынасыИслам әлемінің орталығы болғанМәдинаға
құйыла бастады. Мүминдердің әлеуметтік жағдайы
көтерілді. Бірақ мүминдердің халифасы Хазіреті
Омар (радиаллаһу анһу) осы әлеуметтік жағдайдан
алыс кеңіл тоқтығымен мемлекеттің айбындылығы
мен мемлекеттік қордың байлығына қарамастан,
жамау киімімен хұтпа оқыды. Кейде қарыз алып,
қиыншылықпен өмір сүрді. Өйткені ол қазынадан
өзіне жетерліктей жалақы алуды қалап, сонымен
зорға күнін керетін.
Алдыңғы қатардағы сахабалар оның осы халіне
ары қарай шыдай алмады. Халифаның жалақысын
арттырмақ болды. Бірақ мұны ұсынуға батылдары
бармай, Аллаһ Расулының әйелі болған қызы Хазі-
реті Хафсаға жүгінді. Аттарын атамай-ақ, әкесіне
осы ұсынысты жеткізуін сұрады. Хафса (радиаллаһу
анһә), сахабалардың бұл ұсынысын әкесіне айтты.