Хикмет
баспа үйі
187
Бирр
Құран Кәримде «бирр» деп аталатын, «жақсы
көрген нәрселерінен беру» қасиеті де тура исар
сияқты, жоғары дәрежедегі қайырдың бір түрі.
Ахлақи қасиеттердің барлығында жан жақты
үлгі-өнеге болған Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм), шүбәсіз, бұл жағынан да ұлылығына жет-
пейтін бір шың. Оның кішкене бір нәрседе мүмин
бауырын өз нәпсісінен жоғары ұстау турасындағы
мұқияттылығынан мынадай мысал:
Бір күні Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) бір мисуақ бүтағынан екі мисуақ жасады.
Мисуақтың біреуі түзу әдемі, екіншісі қисық еді.
Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да түзу
мисуақты қасындағы сахабасына беріп, қисығын өзі
алды.
Сахаба:
«Уа, Расулаллаһ! Мына әдемі мисуақ сізге жара-
сады» - дегенде, Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм):
«Бір сағат болса да біреумен жолдас болған
адамнан, жолдастың хақына мойынсүнып-мойын
сүнбағаңдығын сүрайды»
деп осы хақтың исар мен
бирр түсінігімен, яғни мүмин бауырын өз нәпсісінен
жоғарыүстап,сүйгеннәрсесіненберуменөтелетіндігін
түсіндірген еді.
(Газзали, Ихиа-у Улумиддин, II т, 435 б).
Төмендегі мына бір қисса да Мұндай қайырдың
қасиетіне қандай тамаша мысал: