Previous Page  182 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 182 / 382 Next Page
Page Background

184

Хикмет

баспа үйі

Хазіреті Омардың (радиаллаһу анһу) Шамға

барғанында, түйеге міну кезегі құлына келген кезде,

шаһардың есігіне барғанымен түйесіне болмай құлын

міндіргендігі және өзі жаяу, құлы түйеге мініп,

Шамға кіруі - мәні терең қайырдың бір көрінісі. Осы-

лайша қайыр-садақа әр уақыт малмен бола бермейді.

Мұндай қылықтар да қайырдың бір түрі деген сөз.

Қайырдың ең жогарғы дәрежесі болған исар ау-

зынан жырып беру, өз ақысын дін бауырына ауда-

ру мәселесі. Пайғамбар, сахаба, әулиелер мен салих

құлдарға тән жоғары дәрежеде қайыр жасау.

Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу) мен пәк жұбайы

Фатима (радиаллаһу анһә) балалары Хазіреті Хасан

мен Хазіреті Хусайнның аурудан айыққандары үшін

үш күн нәзір оразасын ұстайды. Алғашқы күн ауыз

ашарға арпа үнынан тамақ жасайды. Тура ауыз ашар

кезде есіктері қағылады. Келген адам аш әрі пақыр

біреу еді. Мүбәрәк отбасы қолдарындағы тамағын

ұсынып, өздері сумен ауыз ашты. Екінші күні ауыз

ашар уақытында бұл жолы есік алдына бір жетім ке-

леді. Сол күнгі тамақтарын да жетімге беріп өздері

тағы сумен ауыз ашты. Үшінші күні ауыз ашар кезін-

де бір тұтқынжәрдем сүрап оларға жүгінген соң, олар

үлкен сабыр мен қайырымдылық үлгісін көрсетіп,

ауыз ашар тамақтарын енді осы тұтқынға берді.

Қайырдағы осы терең мағыналы жомарттық

басқаларын ез нәпсісінен де лайық санау және осы

үлық мінез төмендегі аят кәримәмен иләһи құптау

мен құттықтауға ие болған.

Аллаһ Тағала былай дейді: