Previous Page  179 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 179 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

181

Сондай-ақ, Мұхаммед Хаким Тирмизиден (құддисә

сирруһ):

«Беру деген не?» - деп сұрайды. Хазірет:

«Беру - басқасының қуанышынан рахат табу» - деп

жауап береді.

Исардың фәйізді аясына кіру - тек нәзік жүректер

мен сезімтал рухтардың қолынан келеді. Өйткені,

исардын негізі - кедейліктен қорықпай беру. Бұл

жағдай ең тамаша және кәміл түрде пайғамбарлар

мен әулиелерде көрінеді. Әрине, мұндай шыңға

шы-ғу және ол биік жұлдыздарға жету әркімнің

қолынан келмейді. Бірақ, ол кекжиекке қаншалықты

жақындасақ, соншалықты құнды нәсіптерге қол жет-

кізетіндіктен исар турасында ең кішкене бір қадам да

біз үшін таптырмайтын мәңгілік бір табыс.

Әбу Һурайраның (радиаллаһу анһу) риуаяты

бойынша; бір адам Пайғамбарымызға (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) келіп:

«Ей, Аллаһтың Расулы! Мен ашпын» - дейді.

Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

әйелдерінің біреуіне хабар жіберіп, бір нәрсе беріп

жіберуін сүрайды. Бірақ, мүминдердің анасы:

«Сені пайғамбар етіп жіберген Аллаһпен ант етей-

ін, үйде судан басқа түк жоқ» - дейді.

Басқа әйелдері де сол жағдайда болғандықтан, Ха-

зіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) саха-

баларына қарап:

«Бүгін түнде мына адамды кім қонақ қылғысы ке-

леді?» - деп сұрайды: