Хикмет
баспа үйі
183
садақаға беретін. Үлкендердің осы жоғары ахлақ пен
халдері біз үшін қандай тамаша өнеге!
Расында, жеке бас рахаты мен жайлылықтан, үй-
дің безендірілуінен, күнделікті қаражаттан азғантай
болса да, үнемдеп осы ұлық ахлақтан әркім өзінше
нәсіп алуға тырысуы керек.
Исар - жомарттықтыңшыңы. Өйткені, жомарттық
- малдың артығынан өзіне қажет емесін беру,
исар болса, өзіне мұқтаж бір нәрсені аузынан жы-
рып беру. Исардың рухани сыйлығы да пенденің
жанқиярлығына қарай болады. Аллаһ Тағала Мекке-
лік мүһәжирлермен мүмкіндіктерін бөлісіп, олардың
қажеттіліктерінөзқажеттіліктеріненжоғарысанаған
Әнсарларды былай мақтайды:
«...Өздері мұқтаждық тартса да, оларды өз
нәпсілерінен артық көреді (исар жасайды). Кім де
кім нәпсінің сараңдығынан сақ болса, міне, солар -
кұтылғандар».
(Хашр сүресі 9)
Ярмук соғысында хал үстінде жатқан үш жара-
лы жауынгерге берілмек болған суды бірі екіншісі-
не ұсынып, ақыры ешқайсысы да үлгере алмай, бәрі
де ақтық демдерінде бір жұтым су іше алмай, шейіт
болған.
Ибн Омардың (радиаллаһу анһу) риуаяты бойын-
ша бір сахабаға қойдың басы жіберіледі. Ол адам:
«Пәлен адам менен де аш, соған апарыңдар»-деді.
Екінші адам да солай айтты. Осылайша қойдың басы
жеті кісіні айналып, қайтадан алдыңғы адамға келді.
Өйткені, ең ашы сол еді».
(Газали, Ихияу Улумиддин, III с. 571 б)