Previous Page  102 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 102 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

лер «бұлардағы мақсаттың нақты не екендігін Аллаһ біледі»

деумен бірге‚ жорамалдарын айтудан да тартынбаған.

Бұл әріптердің ерекше түрде сүрелердің бастарында

келтірілуінің ашықталуына қатысты отыздан аса көзқарас

айтылған. Сол көзқарастардың ең көп назарға алынуы керек-

терін түйіндесек былай:

а) Құран - дағдыланбаған, үйреншікті емес, әуендік әсері

де бар осы сөз үлгілерімен айналаның назарын тартуды,

тыңдауларын қамсыздандыруды қалаған.

ә) Құран бұлармен иғжазына меңзеген. Яғни, «Құранның

сөйлемдері, құрамдары бәріміз білетін мына кәдімгі

әріптерден құралған. Олай болса шұғылданып көр! Сендердің

де қолдарыңдағы осы мүмкіншілікті қолданып, ұқсасын кел-

тіруге тырысыңдар. Сендер ұқсасын жасай алмағандарыңа

қарағанда, бұл - мұғжиза» деп нұсқаған.

б) Бұл әріптер сүрелердің есімдері болу міндетін

атқарады.

в) Біз, үстінде көп тоқталмаған бір хикметті іздесті-

ру арқылы мынаны ұсынамыз. Алл һ Тағала китабәттің

(жазудың) маңыздылығына нұсқауға назар аудартуды

қалаған болуы мүмкін. Әріптердің әліппедегі атауларын са-

нап‚ дауыстап оқу, жаңадан оқуды, жазуды бастағандарға

тән. ОсыданҚұранның сауатсыз қауымға әрі істі енді бастаған

қауымға мұғалімдік жасағандығы анықталуда.

12

Жазудың

табылуы қалай адамзат үшін ең маңызды жетілу кезеңінің

ашылуына жол ашқан болса, бұл кітаптың һидайәты да

мәдениетте және қоғамдық дамуда үлкен бір ғылыми өрлеуге

жол ашып, надандықтан жарыққа шығарады. Шынында ол,

«оқы!» деп басталған бір кітап болған және алғашқы кел-

ген уахи бөлімінде Аллаһтың «Ол қаламмен (хат жазуды)

үйреткендігі» туралы айтылған

(Алақ, 1-5)

.

12

Адил Кемал, 111-бет, Хасан әл-Беннадан.

104