Previous Page  99 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 99 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

көріністер және дауыстар күйіндегі тарихи көріністер. Хи-

кая мен романдарда туындының бас кейіпкері уақыт пен ме-

кен үлкен маңызға болса‚ Құран қиссаларының бас кейіпкері

- өзінің айналасында өтіп жатқан оқиғалардағы адам емес‚

қиссаның нағыз кейіпкері - адамның сенім, мінез-құлықжәне

қылықтарына тығыз байланысты болған

тарихи заң

. Мыса-

лы: Қиссаның кейіпкері - Хазіреті Ибраһим мен қарсыласқан

адамдары емес, тәухид пен ширктің тарихи шындықтары. Не

Хазіреті Юсуф пен үй иесі емес, Юсуфтағы пәктік пен ама-

нат, әйелдегі шәуһәт пен опасыздық еді. Әсілінде Құрандағы

өмір - ұмытылмас кейбір тұлғалар арқылы баяндалады.

Бірақ‚ Құран тәсілі қиссаның кейіпкерлерін оқиғаның не-

гізгі тақырыбы қылуды лайық санамайды. Қиссалар - тек бір

жаққа ғанақарататынхикаялар емес, пікірдіжан-жақтыалға

ұсынушы қиссалар болып табылады. Құран оқиғаның өзіне

аудартқандықтан уақыт пен мекенді негізге алмайды, олар-

ды айтпайды. Өйткені‚ оқиғалардың ғибрат беру мақсатына

қызмет етпейтін ерекшеліктерінен сөз ету мәселені ұсақ-

түйекке айналдырып, қиссадан шығатын қорытынды пікірге

көлеңке түсірер еді.

Қиссалардың ең көп назар аудартатын ерекшеліктері

мыналар:

1)

Қайталау ерекшелігі

. Адам, Нух, Мұсамен

(алейһимүссәләм)

байланысты

кейбір

қиссалардың

қайталанғандығына тыңдаушы куә болады. Негізінде толық

қайталану жоқ. Сүренің жалпы мағынасы мен сөйлемдегі

байланыс себебінен ол қиссалар әр жолы басқа ерекшелікте-

рімен қосылып, өзгеше тәсілмен тілге тиек етіледі. Сондай-ақ

мұндай түрлі қосымшалар өзгеше ғибратқа жол ашады.

Қайталану - негізгі діни мақсаттың түрлі тәсілдерменен

уағыздалуы. Қатардағы мәселелер қайталанбайды. Мыса-

лы: Хазіреті Мұсаның туылуы мен сол кездегі іске асқан

101