Previous Page  96 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 96 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

Бір жағынан «тәухид ақидасының тарихы» деп аталатын

қиссалардың көбісі, пайғамбарлардың дағуаттарын және

оларға қарсы үмметтерінің жағдайларын білдіреді. Демек‚

Құранда Адам, Нух, Ибраһим, Юсуф, Мұса, Иса, Мұхаммед

(алейһимүссәләм) қиссаларына ерекше көп орын берілген.

Қиссалардың мақсаттары

Қиссаның мақсаты «Құранның ендірілу мақсаттарын

жүзеге асыру» сөйлемінде қысқаша‚ берілсе де, біраз

ашықтап, мақсаттарын топтарға бөле сөйлеу болады. Олар

мыналар:

1)

Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығын дәлел-

деу

. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзі секілді қауымы бұ дүниеден

өткен пайғамбарлардың және үмметтердің жағдайларынан

еш хабарсыз еді

(Юсуф, 102; Қасас, 44-46)

. Осындайда Құран

арқылы оларды дұрыс бір жолмен түсіндіруі - Аллаһтың

уахиына лайықты болғандығын көрсетеді. Құранда

түсіндірілгендердің кейбірі Тәурат қиссаларына ұқсаумен

бірге, кейде маңызды мәселелерде ол рдан бөлінуі, әсіресе‚

сол бөлінген мәселелерде олардың қате болып, бертін кез-

дерде қателерінің түсінікті болуы, Құранның сөзсіз уахи

болғандығын көрсетіп, ешбір күмәнға орын қалдырмайды.

2)

Бүкіл пайғамбарлардың Исламды дағуаттағандарын

көрсету

. Бұл шындықты бекіту үшін Құран пайғамбарлардың

қиссаларын көптеген жағдайда бірінің артынан бірін баяндай-

ды. Әнбия сүресінің 48-92 пассажы мұның әдемі бір мысалы

және соңғы аят осы ұзын мағынаның негізгі мақсатын білдіре-

ді: «Сөзсіз сендердің бұл үмметтерің - тек бір үммет (діндерің

де тек бір дін). Мен де сендердің Раббыларыңмын. Олай бол-

са‚ (өзгеге емес) маған құлшылық етіңдер». Екінші мақсаттар

болса, қиссалардың арасында әңгіме етіледі. Ағраф 59-85, Һуд,

25-99; Шұғара, 10-191 - пассаждары осы мазмұнда.

98