Previous Page  91 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 91 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

тақырыбында көргеніміздей), 23 жылдай ұзақ уақытқа

созылған, түрлі жағдайлар себебімен енсе де, аяттардың

орындарынан қимылдата алмайтындай дәрежеде орын-ор-

нында тұрулары, адам күші жетпейтіндей иләһи бір туынды

болғандығын көрсетеді. Кез-келген шебер бір жазушының

өмірдің ағысындағы түрлі жағдайларға орай өте өзгеше ілім

бұтақтарының түрлі тақырыптарынан алып, жиырмадан

астам жылда жазған жүздеген бөлімнің барлық тақырып,

сөйлем мен сөздерінің мағына және сөзбе-сөз нақ орындарын

табуы қандай қиын, тіпті‚ мүмкін емес болса, Құранның да

адамның сөзі болуы мүмкін емес.

Өйткені, уақыттың, мекеннің, себеп, жағдай және та-

қырыптардың өзгешелігі, кәдімгідей бытырап бөлшектенуге,

байланыссыздыққа және таралуға жол ашады. Бірақ‚ Құран

ерекше жағдай көрсетіп бөлек-бөлек келсе де, нәтижеде бір-

ден жазылғандай ретті болып тамамдалған. Тағы да мына

оқиға ойға келсе бұл мұғжиза одан сайын айшықтана түседі.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) келген аяттарды «пәленше сүренің,

пәлен жеріне орналастырыңдар» - дейтін. Алайда уахидың

үздіксіз келуінен ол сүренің ақыры қандай болатындығын

білмейтін. Міне, осыдан-ақ Құранның: «Бәрін білуші Аллаһ

жағынан келген, аяттары өте орынды, ашық баяндалған кі-

тап»

(Һуд, 1)

екендігі өте түсінікті. Мысалы: Адамның ең ше-

шені саналған бір жазушы Расулұллаһтың (с.а.у.) сөздерін

жинақтап бір кітап жазатын болса‚ оның кітабында дәл

Құрандай мінсіз‚ берік байланыстың іске асуы мәңгі мүмкін

емес еді!

НӘСХ МӘСЕЛЕСІ

Нәсх - сөздікте нақыл немесе жою мағыналарына келе-

ді. Діни терминде болса: «Шариғдің (Аллаһ пен Расулы үкім

беруші) шарғы үкімді кейіннен келген шарғы бір дәлелмен

93