Previous Page  89 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 89 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

тап болған жағдайлары түсіндірілетін

(Һуд, 120)

. Кейде сабыр

етуі айқын ескертілетін

(Мүзәммил, 10; Ахкаф, 35)

. Кейде реніш-

ке тыйым салынатын

(Йәсин, 75; Кәһф, 6 т.б)

. Кейде Аллаһтың өз

пайғамбарын қорғайтындығына және Оны (с.а.у) әлдендіре-

тіндігіне кепілдік берілетін

(Мәйдә, 67; Тур, 48)

.

Жәбірейіл сияқты иләһи хабаршының дүниеден сан-

сыз мәрте артық достығымен тіреу болып, қуаттауы осы

жұбаныштың ерекше бір көрінісі.

Уахидің бөлек-бөлек түсу барысында келген әр уахи

бөлімінің ұқсасын әкелуден қарсыластарының әлсіздігі

көрінгенде, тағы бір мұғжиза жүзеге асқан болатын. Бұл да

хақ иелерін қуантқан да адасқандарды болса түңілдіретін.

2) Құранның жаттауын жеңілд ту және мазмұнын қорыту.

Құран бір мәртеде тұтас түссе, сахабалар оны жаттай ал-

майтын еді. Сондай-ақ‚ барлық нұсқауларын бірден игеріп,

жүзеге асыра алмайтын еді. Әсіресе Құран түскен ортаның

сауатсыз орта болғандығын, оқып-жазатындар санының

және жазу құралдарының аздығын еске алсақ, біртіндеп

үйретіп, ілгерілетуінің не деген үлкен хикмет және нығметті

қамтығандығын тіпті оңай түсіне аламыз.

3) Құран - белгілі, басты-басты Ислам үкімдерін, мүжмәл

(жалпы) немесе мұфассал (егжей-тегжейлі) түрде қамтиды.

Құранның алғашқы тыңдаушылары Исламнан бұрын да әр

түрлі шектеулерден, міндеттеулерден азат‚ ерікті еді. Олар-

ды шектейтін ешқандай заң немесе жүйе жоқ болатын. Сон-

дай күйде тұрғанда бірден жеке тұлғалық, қоғамдық, дүние-

мүліктік, басқарушылық және жазалаушы үкімдердің

барлығына тәуелді болулары өте қиын болар еді. Сондықтан

Аллаһ Тағала үкімдерін аз-аздан, біртіндеп түсіріп тамам-

даған. Бұхари Хазіреті Айшаның осы тақырыпта келтірген

мына маңызды мағлұматын бізге жеткізген: «Құран уахиі

91