Previous Page  85 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 85 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

Абдиссәлам (ө. 660/1262) былай дейді: «Байланыстарды білу

- жақсы әрі пайдалы іс. Басы соңымен байланысты болып‚ бір

мәселеге қатысты сөзде әдемі бір байланыстың болуы шарт.

Бірақ әр түрлі себептерден пайда болған кәләмның бөлімдері

арасында байланыстың болуы керек емес». Бұл ғалымның

көзқарасынша түрлі себептерден жиырма жылдан астам

уақытта бөлек-бөлек түскен аяттардың арасынан байланыс

іздеу - орынсыз қайрат көрсету. Фахруддин Рази болса (ө.

606/1209): «Құранның көркем баяндауларының көпшілігі

– тәртіп пен байланыстарға қаратылған» - дейді. Ол және

әсіресе Бурһануддин Ибраһим әл-Бикай (ө. 885/1480) «

Наз-

му’д-дурәр

фи тәнасуби’л–аяти уә’с-сувәр»

атты тәпсірінде

бұл байланыстарды өте жақсы көрсеткен.

Тәпсіршілер аяттардың тәпсірін кейде түсу себебімен,

кейде байланыс түрін көрсетумен бастайды. Кәләмның

түзулігін көрсету байланыс түрін білдіруге тәуелді болғанда

бірінші байланысты, ал‚ байланысты ұғу себебі нүзулді білуге

бағынышты болғанда бірінші түсу себебін баяндайды. Жаңа

ғана берілген мысалда

(Ниса, 58 - аят)

жағдай осылай. Нүзул се-

бебін білмейтін қатардағы бір оқушы бұл аяттағы сөздің біті-

міндегі байланыс пен үйлесімділікті тым ашықтай алмайды.

Кейбір тәпсіршілер аяттар сияқты сүрелердің арасы-

нан да байланыс пен үйлесімдік іздейді. Сүрелер арасында

үйлесімдік болғандығы туралы пікір сүрелердің Мұсхафтағы

ретінің тәфқифи болғаны жөнімен байланысты. Сонымен бір-

ге реттің тәфқифи болуы - сүрелер арасындағы үйлесімділікті

әр уақыт қажет етпейді. Бірақ, негізгі маңыз - аяттар

арасындағы үйлесімдікті табу. Өйткені‚ қатарымен келген

екі аят туралы ойға келетін алғашқы сұрақтардың бірі мы-

нау: «Алдыңғы жағымен байланысты ма, әлде байланысты

емес пе? Байланысты емес болса, алдыңғыжағымен арасында

қандай байланыс бар? Не үшін қатарымен жазылған?»

87