

“Хикмет”
баспа үйі
екінші түрдегі аяттардың
*
түсу кезеңі мен мекені өте маңыз-
ды емес және оларды дұрыс түсіну үшін міндетті түрде себебі
нүзулді білу де шарт емес.
Бұл түрдегі аят пен сүрелердің түсуіне нақты себебі
саналмаған, бірақ жалпы себеп немесе оқиға туралы айту
дұрысырақ болады. Бұған жататын мысалдардың бірі -
әрқалай формаларда көптеген сүрелерде қайталанғанХазіреті
Мұса қиссасы. Сөзсіз, жалпы себеп ізделетін болса‚ «Хазіреті
Пайғамбарды (с.а.у) жұбату үшін түскен» болуы мүмкін.
Себебі нүзулді білудің жолы
Ақылмен қарастыру арқылы және ижтиһадпен нүзул
себептерін білу мүмкін емес. Ол - уахидың түсуін бақылап
жүрген сахабаныңжеткізуімен білінеді. Нүзул себебі ақылмен
пайымдау мүмкін еместігіндей тек есту және көру мен бі-
луге болатындықтан, сахабадан келген риуаят үкім бойын-
ша мәрфу саналады. Яғни‚ толық дерлік Пайғамбарымызға
(с.а.у.) білдірілген деп қабылданады.
Себебі нүзулдер не үшін Құранның өзінде берілмей-
ді? Аллаһтың сөзінде орын алмаса‚ ең болмағанда Хазіреті
Пайғамбарымыз (с.а.у.) білдіре алатын еді. Неге Ол білдірмей-
ді? Оның себебін Аллаһ пен Расулы (с.а.у.) жақсы біледі. Бірақ
хикметтері мыналар болуы мүмкін:
1) Тәңірлік пен адамзаттық болған, көктік пен жерлік
болғанды араластыру қаланбаған.
82
* Асру Саадет дәуірінде болған кейбір түсініксіз оқиғалардың басын
ашу үшін аяттардың түсу себептерін білу алғашқы қажеттілік. Мысалы
Ифк оқиғасы (Нур, 11-20) және басқа да соғыстарда болған жағдайларға
сілтейтін аяттар. Құранда аяттың түсу себебіне ымдаумен, кейде сәл
кеңірек тоқталады, бірақ бұл көбіне жеткіліксіз. Оқиғаның мән-жайын
ашатындай, аяттың түсуіне себеп болған тарихи оқиғаны терең зерттеу
керек. Бұл мүмкін нәрсе. Мәселең Зульқарнаин аяттарының яһудейлердің
сұрағына байланысты түскендігі Құранның өзінде де айтылады. Бірақ
оқиғаны тарихи деректерден тереңірек зерттеу оқиғаны аша түседі.