

“Хикмет”
баспа үйі
2) Бұл жағдайлар мен себептердің Құранда орын алмауы,
оның уахидың туындысы болғандығын дәлелдейді. Егер уахи
болмаса, міндетті түрде ол оқиғалар араға кіріп, бейнеленеді,
қысқасы жер жүзінің жағдайы өзін көрсететін еді.
3) Себеп болған жағдай белгілі болса, адамдар, үкімді сол
мәселеге арналған деп ойлап қалатын еді.
4) Себеп нүзулдер - көбінесе адамдармен байланысты
болғандығынан олардың сырлары жасырылған. Адамдардың
ең көп оқитын кітабы - Құран. Ол кісілердің қаламаған
құпияларын баяндау арқылы мәңгілік қылғысы келмеген.
5) Әуелі сахабаларға, оларға ерген мүминдерге уахидың
дұрыс түсінілуі үшін қайратын жұмсап, үлестерін қосуға
мүмкіндік берілген.
Түсу себептері қалыпқа келген 4-5 раймен нақыл еті-
леді. Кейде түсу себебі болып бірден көп жағдай риуаят
етіледі. Нүзул себебі білдірген нақты риуаятты таңдауда,
ғалымдарымыздың ортаға қойып, қолданған бірнеше
өлшемдері бар. Оларды түсіндірмей, тек оған ишарат етімен
шектелеміз.
Әсбаб нүзулді білудің пайдалары
1) Аяттардың мағыналарын ашықтау тұрғысында түсу
себептерін білудің үлкен маңызы бар. Өйткені‚ кейбір аят-
тар алғашқы сәтте, мақсат етілмеген түрде түсуі мүмкін.
Тәпсірші аяттар нұсқаған оқиғаларды, сондай-ақ‚ жалпыға
тән сөзді шектейтін қиссаларды немесе кәламды, аяттың
сыртқы мағынасынан басқа мағыналар шығаруды білуге
жауапты. Мысалы‚ Әли-Имран сүресінің 188 аятын Мәруан
Ибн Хакем (ө. 65/684) қате түсініп: «Істегендеріне қуанған
және істемегендерімен де мақталуды қалаған әркім азапқа
душар болса, барлығымыз азап тартамыз» - деген. Бұл мәселе
83