

“Хикмет”
баспа үйі
5) Құранның и’жазын ашықтаған
Мәани
және
Баян
ілімдерінің себебі болған «қажет жағдайды білу» нүзулдің
себептерін білу арқылы мүмкін болады. Өйткені‚ бір сөз
сөйлегенге тыңдаушыларға, шарттарға және сөздің айты-
латын мақсатына қарай түрлі үкімдер мен түрлі мағыналар
қамтылуы мүмкін.
Нүзул мәселесінде құпталатыны - себептің меншіктілі-
гі емес, сөздің жалпылығы. Үкім қамтыған аяттар көбінесе
белгілі адамдар туралы түскен болса да, сондай жағдайдағы
әркімге қатысты. Міне, аяттардың үкімдерін айқын нүзул
себептерінен басқасында да жарамды қылу - ғалымдардың
басым көпшілігін себептің меншіктілігіне емес, үкімнің
жалпылығынаназараударуғабағыттаған.Өйткені‚Құранның
жалпылығын белгілі адамдарға арнап, мағынасын шектеу
қисынға жатпайды.
АЯТТАР АРАСЫНДАҒЫ ҮЙЛЕСІМДІЛІК
Аяттардың бір бөлігі кейбір себептердің арқасында түске-
німен Құранның үйлесімдігін қамтамасыз ету мақсатыменен,
әрбір аят Аллаһ Тағаланың білдіруімен Пайғамбарымыз
(с.а.у.) жағынан тиісті орнына орналастырылатын.
Ғалымдар аяттардың жеке оқиғаларға байланысты
түсулерімен, олардың лайықты орындарына орналастыры-
луларынан қайшылық таппаған.
1
Осылайша бір жағынан
тарихи орта, екінші жағынан әдеби үйлесімді назарға алған.
Бәрібір Құран кәрім тәнзил ретінде басқа-басқа уақыттарда
ендірілсе де иләһи хикмет қазіргі тәртіп пен рет бойынша бе-
кітілуін қалаған.
Мысалы: «Кітаптан сыбаға берілгендерді көрмедің бе?
Олар пұтқа, шайтанға сенеді және кәпірлерді көрсетіп;
85
1
Зәрқәши, Бурһан, I, 25.