

“Хикмет”
баспа үйі
ҚҰРАН ІЛІМДЕРІ
Құран Кәрімнің тәпсірін білу үшін керек болатын
Құранның ілімдері көп. Бірақ біз, бұл жерде мамандық иесі
болмаған оқушыны ең көп қызықтырады-ау деген кейбір
тұстарға ғана тоқталмақпыз.
УАХИДІҢ КЕЛУ СЕБЕБІ
(ӘСБӘБҮН–НҮЗУЛ)
Себебінүзул- бірнемесеодандакөпаяттыңқорытындылау,
жауап беру немесе үкімін ашықтауда түсуіне себеп болған
жағдайға айтылады. Себебі нүзул (түсу себебі) – көктен кел-
ген иләһи уахидың жер-жүзіндегі көрініс табуы. Бұл термин-
дегі себеп, «бір нәтиженің болуы үшін шарт болған нәрсе»
мағынасында философиялық мазмұн алмай, Құранның бір
бөлім аяттарының түсуіне себеп болған жағдай деген сөз.
Бұл еш ұмытылмауы керек мәселе. Құранның заңдар мен мі-
нез-құлыққа қатысты аяттарының көп болу себебі нүзул деп
аталатын кейбір себептермен келген. Ал бұрынғы үмметтер
жайындағы аяттардың едәуір бөлігі анық бір себебі болмай-ақ
түскен. Өйткені, бірінші түрдегі аяттар - қоғамның өмір сүру
барысын өзгертуге бағытталған. Бағыт беретін үкімдердің
және заң шығаратын үкімдердің тек идея болып қалмаулары
үшін кейбір жағдайлармен өте қажет болған кезде жіберілуле-
рі керек. Осытүрдегі аяттардыңқамтығанүкімдерініңжәне ол
үкімдердің заңшығарудағы негіздерінің дұрыс түсінілуі үшін
де себебі нүзулінің білінуі шарт. Көбісін қиссалар қамтыған
81