

“Хикмет”
баспа үйі
жайлы Ибн Аббастан сұрағанда: «Бұл сіздерге байланысты
емес. Расулұллаһ (с.а.у.) яһудилерді шақыртып, бір нәрселер
сұраған, олар да негізгі айтулары керек мағлұматтарды жа-
сырып, басқа жауаптар берген. Дұрысын айттық деп, Оның
(с.а.у.) өздерін мақтап, рахмет айтуын күткен және бұл
жасаған жасырын істерін де ұнатқан болатын әлгі аят міне
солар туралы түскендігін ескерте келіп‚ мына аятты оқыған:
«Кезінде Аллаһ «кітапты (ондағы Аллаһтың үкімдерін)
адамдарға түсіндіріңдер, оны жасырмаңдар» деп кітап иеле-
рінен уағда алған еді. Бірақ‚ олар мұны қайырып қойды және
арзанға сатып жіберді. Олардың сатып алғаны қандай жаман
десеңізші! (Ей, Мұхаммед!) Істеген (жаман) істеріне мәз бола-
тын, істемеген істерімен мақталудыұнататындарды әсте есеп-
ке алма, сондай-ақ оларды Аллаһтың жазасынан құтылады
деп есептеме. Оларға қатты азап бар»
(Әли-Имран, 187-188)
.
2) Аллаһ Тағаланың үкі деріндегі хикметті түсіну
оңайлау болады. Әсіресе ішімдіктің, өсімқорлықтың харам
қылынуының және жиһадтың парыз қылынуының нақты-
лай бекітілуінің бірте-бірте іске асу жағдайы Исламның
адамзатқа мейірім құшағын ашып, оларды һидаятқа апара-
тынын көрсетеді.
3) Құран аяттарының оңай жатталуы қамтамасыз еті-
леді. Әсіресе Құранның сауатсыздық қанатын жайған орта-
да енгендігі ескерілетін болса, бөлініп-бөлініп келуінің,
аяттардың жатталып‚ ұмытылудан құтылуы туралы үлкен
рол ойнағандығы түсінікті болады.
4) Аяттардың қамтыған мағынасы, үкім және хикмет-
тердің жақсы түсініліп, аңғарылуы осылайша жеңілденеді.
Өйткені үкімдерді - олүкімдергеқажеттіліктуылғанортасына
орналастыру, ол оқиғалармен байланыс құрдыру‚ оқиғаларды
мекендермен, уақыттармен және адамдармен байланысқа
қою әрі мәселелерді ақылға жақсылап қондыруды, әрі қажет
болғанда оларды еске түсіруді жеңілдетеді.
84