

“Хикмет”
баспа үйі
«бұлар иман келтірмегендерден гөрі дұрыс жолда» дейді»
(Ниса, 51) -
деген аят кәримәсі яһудилердің басшыларының бірі
Кағб Ибн Әшрәф туралы түскен. Бұл адам Меккеге барып,
Бәдірде өлген мүшриктердің кегін алуға оларды итермеле-
ген және олардың мүминдерден гөрі тура жолда екендерін
айтқан. Ол адам мен оның осы сөзін ұнатқандар туралы біраз
аят түскеннен кейін, аманаттарды иесіне қайтару туралы:
«Аллаһ сендерге аманатты иесіне қайтаруларыңды, адамдар
арасында билік айтар болсаңдар, билікте әділ болуларыңды
бұйырады»
(Ниса, 58)
- деген аят кәримәсі келеді. Бұл аят
Меккенің алынуы кезінде түскен. Кағбаның қарауылы
Осман Ибн Талха есікті құлыптап, Хазіреті Пайғамбардың
(с.а.у.) Кағбаға кіруіне кедергі болады. Хазіреті Әли кілт-
ті алып, есікті ашады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ішіне кіріп
шыққаннан кейін ағасы Аббас кілттің өзіне берілуін ұсыныс
етеді.
Бірақ‚ Ол (с.а.у.) бұрынғы қарауылы Османға берілуін
бұйырғанда осы аят кәримә түседі. Тарих жағынан қарағанда
араларында алты жылдай ұзақ уақыт айырмашылығы бар
бұл екі пассаж, қалайша‚ не үшін бір қатарда келтірілген
болуы мүмкін? Ғалымдар бұл екі бөлім арасындағы ұқсас,
бірдей ерекшеліктің аманатқа құрмет көрсетіп, қиянаттан
сақтандыру болғандығын білдіреді. Өйткені‚ ол яһуди Хазіре-
ті Пайғамбардың (с.а.у.) және мүминдердің сипатын білсе де
мәлімет тұрғысындағы аманатына, яғни Тәуратқа қиянат ет-
кен. Мінеки, бұған негізделген кейінгі аят аманаттың иесіне
қайтарылуын және әділеттіліктен айырылмауын білдіреді.
Аяттардың арасындағы байланысты білудің пайда-
сы кәламның кейбір бөлімдері мен тағы басқа бөлімдері
арасындағы байланысты білу арқылы олардың, тастары мен
кірпіштері берік қаланған ғимарат бейнесінде екенін көрсету.
Мұныңкейдеөтежұқалықтарыбарісболғандығынанбұрынғы
тәпсіршілердің көбісі бұған көңіл аудармаған.
2
Иззуддин Ибн
86
2
Сол туынды, І, 36.