Previous Page  94 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 94 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

сабыр және материалдық күш қолданбауды талап еткен

аяттардың мәнсух болғандығын жазған. Бұлай болғанда, бұл

мәселеге байланысты қырыққа жуық аят кәримәның мәнсух

болғандығы белгілі. Бұл тұрғыда ғылымды жетік меңгерген

ғалым Б. Зәрқашиге (ө. 794/1391) қарағанда Аллаһ Тағала

мұсылмандарға әлсіз болғандарында сабыр және бейбіт-

шілікті, ал қуатты болғандарында соғысуды әмір еткен.

Әйтпесе екіншісі біріншісін нәсх еткен емес. Ол мұны ұзақ

түсіндіргеннен кейін тағы да былай дейді: «Бұл жүргізілген

зерттеуменен жеңілдетуді баяндаған аят кәримәлардың,

сәйф аятымен мәнсух болғандығына қатысты көптеген

тәпсіршілердің айтқан сөздерінің негізі көрінеді. Жағдай

мүлде бұлай емес. Бұл аят мүнсә’ (кешіктірілген) түрінен.

Яғни түскен әр әмірге бұл үкімді қажет еттірген себептің сал-

дарынан белгілі бір уақытқа дейін мойынсұну парыз, кейін

себептің кетуімен (шарттардың өзгеруімен) басқа бір үкімге

өтеді. Бұл, нәсх емес. Нәсх: Бір үкімді енді онымен мәңгі

амал етуге болмайтын түрде жоюдан тұрады».

8

(Суюти де,

одан дәл осы сөзді нақыл етеді, Итқан, ІІ, 21). Көптеген зерт-

теуші ғалымдар мәнсух болған аят кәримәнің мөлшерінің өте

аз болғандығын айтады. Суюти де (ө. 911/1505), Е. Ибнул-

Араби

9

(ө. 543/1148) секілді, тек 20 аят кәримәның мәнсух

болғандығын айтады. Шах Уәлиюллаһ Диһлеви (ө. 1176/17-

62) болса‚ тек 5 аяттың мәнсух болғандығын баян етеді.

ҚҰРАН ҚИССАЛАРЫ

Көлемі жағынан қиссалар Құранның жартысына

жуығын құрайды. Сондықтан тоқталуға тұрарлық құнды

тақырыптардың бірі. Қиссаның бірінші мағынасы– «біреудің

ізіне түсіп, артынан еру». (Мысалы, Кәһф 64; Қасас 11-аят

кәримәларында қасса етістігі осы мағынада қолданылған).

96

8

Зәрқаши, Бұрһан, ІІ, 42.

9

Суюти, Итқан, ІІ, 23.