Previous Page  97 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 97 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

3)

Алдындағылардың сабақ алуларын қамсыздандыру

.

Адам қиссаларда образдарыжасалған жақсы кісілерге қарап,

оларға ұқсауды қалайды. Жамандарын жек көріп, ондай мі-

незде болып қалудан сақ болу керектігін сезінеді. Өйткені‚

адамдар тарихи шындық бойынша әр екі топтың ақырғы

сәттері ашық түрде ортаға қойылғандығын көреді. Халықтар

- түрлі ерекшеліктерімен тарихтың алыс бір түкпірлерінде

өмірге келіп-кеткен бірнеше қауым ғана емес, қайта алуан

түрлі мысалдары әр уақытта табыла алатын бірнеше үлгі ре-

тінде ұсынылады.

Ғибраттың тағы бір түрі - әсіресе пайғамбарлардың

мұғжизаларында кездескен ғылыми дамуды қолдаушы

қасиетіндегі нұсқауларда көрінеді. Ислам ғалымдары әр аят

кәримәның түрліше тәрбие тәсілдерін қамти алатындығын

айтады. Әрбір аяттың өзінен түрлі дәлелдер арқылы түрлі

мағыналар шығаруы мүмкін. Пайғамбарлардың рухани

қасиеттерініңтүсіндірілуі арқылытыңдаушыолардыңкемел-

діктерінен үлгі алуға ынталандырылатыны сияқты олардың

мұғжизаларының түсіндірілуі арқылы пайғамбарларды ол

жағынан да үлгі тұтуға астарлы түрде ынталандырған болуы

мүмкін. Құрандағы бұл астыртын иршад түрін төмендегі бір-

неше мысалдармен ашып көрелік:

Сәбә сүресінің 12-ші аят кәримәсында «Біз Сүлейменге

таңертеңгі жеткені бір айлық, кештегісі де бір айлық

қашықтығы бар желді бағындырдық. Оған еріген мыстан

бұлақ ағызып бердік» - деп баяндалады. М. Хамди Языр бұл

аят кәримәға қарап Хазіреті Сүлейменнің бір күнде 1800

шаршы метр қашықтық жол жүргенін есептейді. Бұл аят-

тан аэродинамика заңдарын пайдалануға жасырын ынта-

ландыру сезіледі. Өйткені‚ (мұғжиза болғанымен) Хазіреті

Сүлеймен бұл істі еш дәнекерсіз жасаған жоқ. Ауа (жел, са-

мал) арқылы ауаның ерекшеліктерін пайдалана отырып іске

асырған. Ауаның әрекет ету заңдарына көңіл аударту хикме-

99