

“Хикмет”
баспа үйі
Екінші мағынасы - «біріне-бір сөзді баяндау», «бұл Құранды
саған жіберу арқылы өзіңе қиссалардың ең жақсысын ба-
яндаймыз (нақуссу)»
(Юсуф, 3)
деген аят кәримә міне осы
мағынада. Осылайша қасса етістігі «оқиғаларды қадам сай-
ын бақылап, нүктесіне шейін білдіру» деген сөз болып, сөздің
үшінші мағынасы - «түсіндіру, әңгіме айту» деген түрде
қолдану арқылы бірінші‚ екінші мағынасыншектейді. Мұнда
қисса орнына хикая сөзін қолданбау керек. Өйткені‚ хикая
өмір шындығында болмаған жағдайларды баяндаса, қисса
ежелде болған оқиғаларды баяндап‚ адамдарға сабақ алулары
үшін сол кезеңдегі жағдайды білдіруді мақсат етеді.
Қисса-Құранныңнегізгімақсатыніскеасырутәсілдерінің
бірі. Құранның негізгі мақсаты - Аллаһты және ақиретті
таныту. Сол арқылы әділетті жүзеге асыру. Құрандағы
қиссалардың тақырыптарында болсын, баяндауларында
болсын және қиссалардағы оқиғалалардың бағытталуында
болсын құр өнер мақсаты көзделмейді. Бірақ‚ қиссалардың
істің негізі болған діни мақсатқа қызмет етуі - оқиғалардың
ұсынылуында өнерге лайық ерекшеліктердің көрінуіне ке-
дергі болмайды. Құранның баяндауы - ортаға шығарған
көріністерде діни мақсаттар мен әдеби мақсаттарды бірле-
стіріп, адамның рухына өнер әдемілігімен үндейді. Мұндай
керемет өнер ерекшелігін түсіну болса - тыңдаушыны діни
әсер алуға дайындайды. Қозғалған пікірдің шынайылығы
туралы алдындағы адамға нұсқау беру көбіне оңай емес. Бұл
мәселелерде алдындағы адам оған қарсы тұру сынды психо-
логияда болады. Алайда‚ пікір сезім арқылыжібітілген түрде
ұсыныла алады. Осылайша жоғары шеберлікпен сомдалған
әдебиет туындылары түсіндіргісі келген шындықтарды
айқындыққа шығарады. Ұсынылған пікірлер ақылмен
дәлелденуі қажет болмай-ақ алдындағы адамға пайдасы ти-
еді. Демек, қиссалардың Құран Кәрімде көп орын алуының
басты хикметтерінің бірі де осы үгіттеу сыры болуы мүмкін.
97