Previous Page  92 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 92 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

алып тастауы». Нәсх еткен аятқа нәсих, үкімі жойылған

аятқа мәнсух, мәнсух болмаған аятқа мұхкәм аты беріледі.

Нәсх - бір жағынан, уахидың ақырын-ақырын ендірілуі-

нің көрінісінен тұрады.

Ұлы Аллаһ ең қайырлы үммет ретін-

де белгілеген соңғы үмметтің құрылысының іргесі іспеттес

міндет атқаратын және қияметке дейін келетін ұрпақтарға

үлгі болатын сахабаларды жәһилийеден Исламға көпір етті.

Дұрысырағын жәһилийе тамұғынан шығарып, үлгілі ұрпақ

күйіне көтеру үшін олардың құрылысының әр кірпішін бе-

рік қылуды қалаған. Нұсқауын олардың ақылдарына және

жүректеріне сіңдіріп тұрып орналастырған. Жоғарыда

айтылған хикмет себебімен оларға арнайы ерекшелік беру

- Аллаһтың адамзат қоғамы өміріне қойған жүйесінің

қажеттігінен. Бұл нәсіл - адамзаттың жәһилийеден

Исламға, ширктен тәухидқа көшуінде көпірдің басы болған.

Түсіндірудің қажеттілігі жоқ,

«өтпелі дәуірлер, яғни қоғам-

ның тұтас ауысым кезі белгілі бір уақыт үшін жасалған

кейбір ерекше жағдайларды қамтиды».

7

Аллаһ Тағала әзәли және әр нәрсені қамтыған ілімімен

мәнсух үкімнің мәңгі емес, уақытша екендігін біледі. Бірақ

онымен бірге бұл уақытшалықтың нәсих үкімнің баянымен

шектелетінінде біледі.Аллаһтың ілімі есбабпенмүсеббебатты

(себептер мен нәтижелерді) бөлек-бөлек емес‚ барлығын бір-

ден қамтығанындай, нәсх пен мәнсухты да тұтас қамтиды.

Демек, нәсх - Аллаһқа қарата айтқанда соңғы үкімді баян-

дау, ал құлдарға қарата айтқанда күшін жою.

Тек бірінші

үкімнің күшін жоятын уақыты білдірілмегендігінен, екін-

ші үкімнің келуін біз шектеулі білімімізге сүйеніп‚ «ауыс-

тыру» деп санадық. Аллаһ Тағала кейбір үкімдерін келесі

кейбір үкімдерге ауыстырғанда, Оған бұдан бұрынырақ жа-

94

7

Аднан М. Зарзур,

әл-Фәлсәфәтүт-Тәрбәуийя линнәсхи уә-л мәнсүх

, әл-

Уммә (Қатар), 3 (1981, Қаңтар), 81-бет.