Previous Page  103 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 103 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

Аллаһ Тағала оқуды, жазуды үйренуге ынталанды-

рады. Өйткені, әріп атауларын созу - үйренуді жаңадан

бастағандардың жұмысы.

Дәл

әрпінен басқа барлық әріп

түрлері сүрелердің бастарындағы осы әріптер арасында кел-

тірілген. Араб алфавитіндегі сан бойынша сүрелердің ба-

старында орын алған. Кейде бір, кейде екі, кейде үш, кейде

төрт, кейде бес әріп қатар келумен бір жағынан ақырындап

дағдыландыру жасалса, тағы бір ерекше маңыз алатын

әріптің саны жағынан арабшадағы сөз түрлерінің барлығына

бірден мысал келтірілген. Негізі әріп саны жағынан арабша

сөздер 2, 3, 4, немесе 5 әріптен құралады. Осыдан басқалай

жағдай болуы мүмкін емес.

Ғалымдар бұл жеке буынға бөлінген әріптерді ашықтау

барысында жасалған ұсыныстардың еш біреуінің нақты

еместігін және Аллаһ Тағала мен Расулы арасындағы

бұл құпиялардың бір ауыздан мүтәшабиһаттан екендігін

қабылдайды. Біз де бұл тақырыптағы сөзді Субхи Салихтің

мына әдемі сөйлемімен бітірейік:

«Бұл сүре бастары - әлі қайран қалдыратын ерекшелікке

ие. Қайран қалу - қызығушылыққа, қызығушылық - көңіл

бөлуге жол ашады. Көктің, жердің құлағына сыбырлаған осы

мәңгілікәріптердендеәсеріүлкенешбірнәрсенің, адамзаттың

құлағын баурайтындығы ақылға келмейді».

13

ҚҰРАНДАҒЫ МҮШКІЛДІК

«Олар Құран туралы ой жүгіртпей ме? Егер Құран

Аллаһтанбасқа біреуденкелгенболса, олар сөзсіз олҚұраннан

түрлі қайшылықтарды кездестірген болар еді»

(Ниса, 82) -

деген

аят кәримә Құранда қайшы мәселелердің болмағандығын

көрсетеді. Өйткені‚ Мекке мүшриктері Құранда қайшы

13

Мәбәхис, 246-бет..

105