Previous Page  7 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

АЛЛАһ АДАМДАРҒА ҮНДЕЙДІ

ӘлемніңЖаратушысы, Иесі және Билеушісі сансыз туынды-

ларын іс-әрекеттерімен бірге ғайб пердесінің аржағында оларды

басқарып Өзінің бар екендігін көрсетуде. Мысалы: Бір сағат, бір

орындық, тіпті бір ине де ұстасыз‚ өздігінен қалыпқа келе ал-

майды. Сол сияқты, бұлардан мыңдаған есе жоғары‚ бір жүйеде

реттелген әрі кемелді, өлшеусіз құдіре ті еңбектері арқылы жа-

салып, құралуға тиіс заттарға толы бұл әлемнің де әлбетте біз

көре алмайтын Жаратушысы бар. Бұл Жаратушы өз туынды-

ларын ерекше толық бір ілі мен‚ орасан-зор құдірет-күшпен

және асқан хикметпен жасағандығы біз білетін табиғат әлемінде

көрініп тұр. Қасиетті Құран Кәрімде: “Рахманның (Аллаһтың)

жаратқандарынан қылдай да селкеу таба алмайсың. (Аспан

әлеміне) Қайта бір көз жіберші, әлдеқ ндай ақау көзіңе шалар ма

екен?! Сонан соң және екі рет көз жіберші (сырына жете алмай)

күдер үзе бұлдырап‚ талған көзің өзіңе қайтады”

(Мүлк, 3-4)

- дейді

Аллаһ Тағала.

Міне, тоқтамай жұмыс істейтін сағаттай жалғасатын ұлы

әлем жүйесінде орын алған сансыз туындылардың әрбірі - Құран

тілінде “кәлимәтұллаһ”

(Кәһф, 109 т.б)

‚ яғни Аллаһтың сөзі деп ата-

лады. Бұлардың әрбірі жазылған хат. Баян етілген сөз. Бір-бір кі-

тап. Біз біле бермейтін көптеген нәрселерді түсіндіреді. Иегердің

сипаттарын және мақсаттарын көрсетеді. Бұл сөздер әсте тау-

сылмайды. “Егер жер жүзіндегі ағаш атаулының барлығы қалам

болса, теңіз сия болса, оған тағы жеті теңіз (сия болып) қосылса

да, Аллаһтың сөздерін (жазып) тауысуға болмайды. Аллаһ - анық

жеңімпаз, ұлы хикмет иесі”

(Лұқман, 27)

.

9