“Хикмет”
баспа үйі
түрлі орындарда адамдарға ақиқатты көрсеткен. Аллаһ
кітаптың (Құран) және иманның не екенін білмейтін
(Шура, 52)
,
өзіне бір кітап жіберілетіндігінен еш үміттенбейтін
(Қасас, 86)
бір құлын, яғни Хазіреті Мұхаммедті (саллаллаһу алейһи уә
сәлләм) адамзатқа ең көркем үлгі
(Ахзаб, 21)
болуы үшін уахи-
мен күшейтіп, пайғамбарлықпен міндеттеген.
Пайғамбар (с.а.у.) өзінен сыртқы күш-қуат тарапынан
таңдап алынып, өзінің ойына қарамастан елшілікке мәжбүр
қылынды.Бұлжағдайкөптегенпайғамбардыңөміріндекөрініс
табады. Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) өзіне пайғамбарлық
міндет жүктелер кезде уахиді әкелгенЖәбірейілге (а.с.): “Мен
оқуды білмеймін” деу арқылы қашқысы келгендігі сезілген-
дей болады. Бастапқыда естіген дауыстың, көрген көріністің
және келген періштенің мақсатын біліп, анық-қанығынажету
үшін жұмсаған қайраты да осыны көрсетеді. Өйткені, жын-
дармен байланыс жасайтын балгерлердің айтқандарымен
Оның (с.а.у.) жағдайының арасында (сыртқыкөрінісжағынан)
ұқсастық бар еді. Ал‚ балгерлер болса, Оның (с.а.у.) ең жек
көретін адамдары еді. Бірақ уахидің Аллаһтан келгендігіне
және Оның өзін пайғамбар еткендігіне әбден сенгеннен кей-
ін немесе “Фәтратүл-уахи” деп аталатын кезеңнің үстінде
уахи тоқтап қалғанда, Ол (с.а.у.) бірнеше жыл бойыЖәбірейіл
періштенің қайтадан уахи алып келуін күткен. Бірақ‚ уахи Ол
(с.а.у.) сағынғанымен де келмеген еді. Ақыры бір күні періш-
тені көрді де ерекше қорқып кетіп, жары Хазіреті Хадишаға
келіп дегбірсіздене: “Мені бүркеші, мені бүркеші!” - деді. Со-
дан кейін “Мүддәссир” сүресі түсті:
“Ей, жамылғысына оранған (Мұхаммед)‚ тұр енді!
Адамдарға ескерт! Раббыңды ұлықта. Кигендеріңді таза ұста.
Әр түрлі лас істерден аулақ бол!”
(Мүддәссир, 1-5)
.
Қалауына лайық келмейтін бұл көріністің өзінен,
ойынан тыс, тәуелсіз болып келген иләһи уахи екендігін
Пайғамбарымыз (с.а.у) түсінді.
15