Previous Page  14 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

ҚұранКәрімде үшжүзден артық аяттың “қул”‚ яғни “Айт”

деп басталатыны да, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өздігінен

айтпағандығын, сырттан бір күш-қуаттың оны баяндауға

мәжбүрлегендігін көрсетеді. Осылайша тыңдаушының үздік-

сіз бұл шындықты жадында ұстауы қамтамасыз етіледі.

Аллаһтың сөзі біз білетіндей сөз емес, жанға толы бір

үндеу. Екі сөздің арасындағы айырмашылық - Жаратушы

мен жаратылған арасындағы айырмашылық секілді. Барын-

ша кеңдігімен Исламият - иләһи сөздің өмірге рух беретін

қуатының әлемнің көкжиектерінде жаңғыруынан тұрады

емес пе!

Уахиді ерекшелендірген басты маңыздылық оның

шындыққа сай және қозғалыс үстіндегі ерекшелігі еді.

Пайғамбар (с.а.у.) Хақтан алған уахиімен бұрынғы өзінен

басқа бір адам халіне келеді. Уахи оған (с.а.у.) жаңа бір өмір,

жаңа бір тұлғалылық сыйлайды. Ол ең үлкен ақиқатпен

қатынас құрып, Оған сүйеніп, дүниенің ағысымен кетпей‚

қалың халықтың алдында, Аллаһтың куәгері әрі елшісі сипа-

тымен

(Бақара, 143)

шыңға көтеріледі. Жан-жағындағы діндер,

ілімдер, мемлекеттер, беделділер, туыстар, фәлсәфәшілдер,

тіпті барлық адамдар оған (с.а.у.) қарсы шықса да, өз өмірі

бойына оның (с.а.у) сеніміне ешқандай көлеңке түсіре алмай-

ды. “Бір қолыма айды, бір қолыма күнді орнатып қойсаңдар

да бас тартпаймын” дегендей нақтыиман мен күшті қанағатқа

ие етілген. Уахи шабыт, сезім, көрегендік ой-сана секілді

түсініктерден мүлдем басқаша.

Шабыттансансыз есежоғарыболғануахикөбінесеперіште

арқылы жіберіледі. Ал‚ шабыттың жалпы ешқандай қатына-

сы, дәнекері жоқ. Бір өлкенің патшасы қол астындағылары-

мен қалайша екі түрлі байланыста болса, ол да сол секілді.

Біріншісі - халықтың барлығына қатысты мәселеде бүкіл

өлкенің сұлтаны сипатымен жоғарғы деңгейдегі қызметкерді

бір әкімге жібереді. Үстемдік еткен әкімшілігінің сән-салта-

16