

“Хикмет”
баспа үйі
жаздыратын. Басқа сөздерін, яғни құдси хадистерді жаз-
дырмайтын. Тіпті, Ол (с.а.у.) пайғамбарлықтың алғашқы
кезеңінде сахабалары мұқияттылық тәртібіне үйренгенше
Құраннан басқа сөйлеген өз сөздерінің жазылуына тиым
салған.
Демек, Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.):
а) Құран уахиін
ә) Сүннет уахиін
б) Өзіне тән ойды
в) Пәтуа мен хадистерді өте жақсы ажырата білетін.
“Расулұллаһты Аллаһтың алдында, Одан жәрдем, һидаят
және кешірім тілеген, әмірін бұлжытпай орындаған, тіпті
кейде қатаң ескертуге тап болған әлсіз адам ретінде суретте-
ген Құран аят кәримәларын оқыған кісі ұжданының тереңді-
гінде Жаратушының сипаты мен жаратқанының (с.а.у.) сипа-
тын, Жаратушының өз заты мен мақлұқтың затын және ұлы
Рабтың әдісі мен құлдың әдісі арасындағышексіз айырмашы-
лықты түсінеді”.
10
Жоғарыда айтқанымыздай Расулұллаһтың
(с.а.у.) бұл күйлерін өзгеше әсер етуші әдістермен түсіндірген
көптеген аят кәримәлар бар. Солардың бірі Абәсә сүресі. Бұған
мәселен мына екі аят кәримәны оқып көрелік. Аллаһ Тағала
Расулына былай дейді: “(Ей, Мұхаммед!) Олар сені саған уахи
еткенімізге қиғаштық істетіп, Құраннан басқаны жасатып, біз-
ге жала жаптыра жаздады. (Солай істеген болсаң) олар сені дос
тұтар еді. Біз сені мызғымас етіп, бекемдемеген болсақ, расында
оларға біраз бейімделіп, кете жаздаған едің. Егер солай болған
болса, саған әлбетте тіршілікте де, өлгеннен кейін де, еселеп
азап тарттырар едік, одан соң бізге қарсы өзіңе медеткер таба
алмас едің”
(Исра, 73-75)
.
Әсіресе: “Егер Ол (елшіміз) біздің атымыздан өтірікті
соқтыртқан болса, Оны әрине құдырет күшімізбен қолға
21
10
Субхи Салих, Мабахис, 29-бет