Previous Page  22 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 22 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

сияқты жағдайлар Онда байқалмаған. Керісінше, уахидан

кейін денесінің ыстығы көтеріліп, өңі қызарып, денесі ауыр-

лап, қара терге түсетін. Жамылғы сұрауы тоңғанынан емес,

көргенғажайыпкөріністенүрейленгенненеді.Расулұллаһтың

(с.а.у.) елшілігінің басынан аяғына дейінгі барлық дерек-

тер - уахи келердің алдындағы және кейінгі Расулұллаһтың

өте тың, сана-сезімінің толықтығы, мінезінің де әдеттегідей

қарапайым күйде болғандығы, қандай да бір жүйкенің

бұзылуының немесе аурудың белгісі байқалмағандығын

айқындайды.

Хазіреті Пайғамбарға уахи белгілі уақыттарда емес, әр

түрлі жағдайда келе беретін. Тәбук соғысына қатыспаған үш

кісіге қатыстыүкімді білдірткен аят кәримә

(Тәубе, 118)

сәресіде

үйінде келген. Кәусәр сүресі күндіз‚ мешітте‚ асхабтарының

арасында отырғанда түскен. Сол сияқтытүрлі аяттарыстықта

да‚ салқында да, түнде де күндіз де‚ кез-келген уақытта,

соғыстың қызған сәтінде де‚ тыныштықта да, тіпті миғражда

да келіп отырған.

Уахидің сыртқы көріністері, яғни уахиді қабылдаушы

Нәбиде болған жағдайлар болса, ол да ақылмен емес, сол

сәтте қасында болған куәгерлердің өз көздерімен көргендерін

көрмегендерге жеткізулері арқылы білінеді. Хазіреті

Пайғамбарға (с.а.у.) уахи періштесі көрінгенде Ол (с.а.у.)

кәдімгі адамдық табиғатынан шығып, періштелердің

табиғатына көтерілгенде өз өмір салтында болмаған күйде

болатын. Нәууастан (р.а.) риуаят етілген хадисте көктерді

қоршаған періштелердің өзі естігенде зорға көтере алатын

иләһи кәләм - «үлкен әрі ауыр сөз»

(Мүзәммил, 5)

көкейіне

салынғанда қасиетті денесі, мысалы түйенің үстінде болса,

түйесі шөгуге мәжбүр болатындай ауырлайтын еді. Тұрса

сирақтары иіліп, сынады деп, қобалжытатын.

12

24

12

М. Хамидуллаһ, «Құран Кәрім тарихы», 11-бет, Ибн Саадтан.