Previous Page  23 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 23 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

Зәйд ибн Сәбит: “Бір күні мен Оның (с.а.у.) қасында едім.

Жұрттың көптігінен (тіземізді бүгіп отырғанымыздан) Оның

(с.а.у.) тізесі менің тіземнің үстінде еді. Оны бірден уахи

халі тұтты. Содан балтырымның сүйегін сындыратындай

ауырлық сезіндім. Уаллаһи, қасымдағы Расулұллаһ (с.а.у)

болмағанда, қиналғанымнан шыңғырып, аяғымды тартып

алар едім” - деген.

13

Кейде Расулұллаһ (с.а.у.) уахи кезінде есінен танбай,

нұрға қарық (рухани мастық) болатын. Кейде Оның (с.а.у.)

көкірегінен қорылдаған дыбыс шығатын. Суық күннің өзінде

қара терге түсетін. Кейде Одан (с.а.у.) айналасындағылар ара

ызыңына ұқсас ызылдаған дыбыстарды еститін. Бірақ‚ не

айтылғанын түсіне алмайтын. Жалпы отырып қалатын. Ор-

нынан қимылдамайтын. Кейде уахи кезінде үстіне жамылғы

жамылатын.*

Содан ол уахидың халі өзінен кетер-кетпестен‚ әлгі алған

уахиды толық сақтап алған күйі өзінің қалыпты жағдайына

қайта оралатын. Еш әбігер болмастан көкейіне салынған

кәләмның Аллаһтан екендігін анық біліп, барлығын бейне

бір жүрегіне нақышталғандай табатын.

Мұсылман еместер Пайғамбарымыздың (с.а.у.) уахи ке-

зіндегі терлеуін, қорыл шығаруын және ауырлау жағдайын

ұстама ауруымен байланыстырып‚ дәлелдемек болған. Бұл

пікірдің негізсіздігі мына төмендегі мыналардан түсінікті бо-

лады.

а) Қояншық болған адам ұстамадан кейін бүкіл

мүшелерінде соншалықты бір ауырлық пен әлсіздікті сезіне-

ді. Ол халіне іштей қайғырады. Тіпті‚ ұстамасы ұстаған кез-

де тап болған жағдайларының себебінен кейбіреулері өзін-өзі

өлтіруді де ойлауы мүмкін. Ал‚ Пайғамбарымызға (с.а.у.)

25

13

М. Хамидуллаһ, Құран Кәрім тарихы, 12-бет, Бұхари мен Тирмизиден.

* Исрайл ұрпақтарына келген пайғамбарлар да уахи алған кезде жамыла-

тын еді