Previous Page  20 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

алар едік те, күре тамырын қияр едік. Сендердің ешқай-

сың оны қорғай алмайтын едіңдер”

(Хаққа, 44-47)

. Міне бұл

аят кәримәдағы көктің күркіндей пәрменді әмірлер ескерту

арқылы сондай бір биікке ұласады. Мұның жанында басқа

әрбір қорқыту мәнсіз.

Хазіреті Айшаның душар болған ифк (өсек-аяң)

оқиғасында уахи толық бір ай кешіккен еді. Сол бір ай Оған

жылдардан да ауыр болған және сонша мұқтаж болса да,

аспан үнсіз қалған-ды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Қағбаның

қыбла болуын ынтасымен қалағанда, он жеті айдай ұзақ бір

мезет жауапсыз қалған еді. Егер Расулдың (с.а.у.) өз қолында

болғанда, мұндай жағдайларда осыншалықты күтуі мүмкін

емес еді. Бірақ Құран - Хазіреті Мұхаммедтің Раббысының

сөзі. Ол өзі қаласа жібереді. Қаламаса байланысты үзеді. Ха-

зіреті Мұхаммедтің қалауы - көктің әмірін жеделдете де, ке-

шіктіре де алмайды.

Бір топ бұрынғы және қазіргі кәпірлер Хазіреті

Пайғамбарға (с.а.у.) келген уахи жағдайына психологиялық

түсініктеме беру мақсатымен: “Онда - бірі саналы, енді бірі

- саналылығын жоғалтатын екі тұлғ лық мінез бар” - дей-

ді. Бұл идея ешқандай да жаңадан айтылған нәрсе емес. “Бұл

(Мұхаммедтің) шым-шытырық түстері, не өзі ойдан шығарып

алғандары шығар. Әлде ол ақын шығар…” -

(Әнбия, 5)

деген

мүшриктер де сол жоғары идеяны алға қоятын.

Бірақ жоғарыда айтқанымыздай Расулұллаһқа (с.а.у.)

уахидіңХира тауында “иқра” (оқы) сөзімен басталып‚ оның 23

жылдық елшілік дәуірі бойында түскен. Демек демалыс осы

мезгілдің уахи түскен әр сәтінде ол (с.а.у.) өзінің ояу да сергек

халін әрдайым сақтайтын. Уахидің алғашқы басталуындағы

бұндай саналы сезімталдықты, Хазіреті Айша анамыз:

“Расулұллаһқа (с.а.у) уахи алғашқыда ұйқысында көрген

шын түстерімен іске асқан. Сондағы көрген әр түсі таң

шапағындай айқын әрі айнымай келетін. Кейіннен Ол (с.а.у.)

22