Previous Page  15 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 15 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

натын, әмірінің маңыздылығын көрсету және әркімге естірту

үшін, үлкен мереке ұйымдастырылып, жарлық баяндалады.

Екіншісі болса - сұлтан атағымен емес, өзіндік бір мәселесі

үшін, кіші бір қызметкерімен, кішігірім мәселені телефон-

мен сөйлескеніндей.

Сахаба Нәууас ибн Семан Расулұллаһтың (с.а.у.) былай

дегенін жеткізеді: «Аллаһ әмірін білдіргісі келгенде уахи-

мен сөйлейді. Ол сөйлегенде көктер қатты тебірене бастай-

ды. Аспан тұрғындары оны естігенде талып қалады. Сосын

сәждеге бас қояды. Басын сәждеден бірінші болып Жәбірейіл

көтереді. Сосын оған Аллаһ Тағала қалағанын уахи етеді.

Жәбірейілолуахидіперіштелергежеткізеді.Жәбірейілкөктің

әрбір қабатына жеткенде сол көктің періштелері: “Раббымыз

не бұйырды?” - деп сұрайды. Жәбірейіл: “Шындықты айтты.

Ол - Ұлылардың ұлысы, үлкендердің үлкені! - дейді. Осы-

лайша Жәбірейіл періште көктегі не жердегі Аллаһтың әмір

еткен жеріне Оның уахиын әкеледі”.

4

Ибн Аббас пен Катадә

есімді сахаба Сәбә сүресінің 23-ші аятын Хазіреті Исадан

кейінгі фәтрәт (екі пайғамбар арасындағы аралық) дәуірінен

кейінгі Пайғамбар болып келген Х зіреті Пайғамбарға (с.а.у)

уахидің басталуы деп түсіндіреді. Ибн Кәсир (ө. 774/1372):

“Бұл аят кәримәның тәпсіріне кіруге ең лайықтысы Құран

уахиы болғандығында еш шүбә жоқ” - дейді.

Күннен пайдаланғысы келген адам, қолындағы айнасын

күнге қарсы ұстаса айнаның мөлшеріндей сәуле алады. Енді

біреуі болса, олда солмақсатпенүйініңтүрліжерлеріненкүнге

қарай үлкен есік-терезелер ашып қояды. Біріншісінің күннен

пайдалануы айнасымен ғана шектелсе, екіншісі күннің нағыз

жарығынан үздіксіз де тікелей пайдаланады.

Демек, уахи Құран - бүкіл әлемдердің Раббы Аллаһтың

бұйрығы. Ал‚ шабыт болса, меншікті және кішігірім нәрсе.

17

4

Ибн Кәсир, Тәфсир, Сәбә сүресінің 23 аяты.