“Хикмет”
баспа үйі
Пайғамбардың (с.а.у.) бұл сөзіндегі ерекше назар
аударарлық бір мәселе мынау: Оған уахи өте қиын келсе де,
оңай келсе де уахидан бұрын да, уахи үстінде де, уахидан
кейін де санасы толық өз орнында болатындығы. Өз есінен
танған халде емес, қайта ақылының ерекше шоғырлануымен
әрбір уахиды зер сала тыңдағаны таң қаларлық жағдай
еді. “Саған Жәбірейіл арқылы уахи түскен кезде, оны есте
тұту үшін асығыс қайталап, тіліңді әрекеттендірме. Оны
құрастыру,* оқып ұқтыру шын мәнінде біздің міндетіміз.
Біз оны (Жәбірейіл арқылы) оқып берген кезде, сен оның
оқығанына ілесіп отыр (құлақ түр)”
(Қиямет 16-18)
деген
аят
кәримәсы да осы шындықты дәлелдейді. Өйткені бұл уахи
кезінде Пайғамбардың (с.а.у.) барлық зейінін сақтағандығын
көрсетеді. Мәселен‚ бұл жағдай Таһа сүресінің 114-ші аятын-
да да: “(Ей, Мұхаммед!) Саған Құранның уахи етілуі толық
аяқталмай тұрып, ұмытып қалмайын деп, оны оқуға асықпа”
- деп білдіріледі. Ибн Аббас бұл аят кәримәның түсуіне байла-
нысты былай деген: “Расулұллаһ (с.а.у.) түскен аяттарды жат-
тау үшін‚ жадында сақтау үшін қиналып‚ көп мәрте еріндерін
жыбырлатып‚ іштей күбірлейтін. ОлЖәбірейіл келісімен оны
тыңдап, ол кетер-кетпестен келген уахиды Жәбірейілдің өзі
секілді оқи бастайтын”.
9
Осылайша Құран түсуінің бүкіл кезеңдерінде осындай
толық санасы мен зейіні арқасында Хазіреті Пайғамбар
өзінің алушы,
жауапты және адамдық тұлғасымен
уахидың
ұлы әмір етуші тұлғасын
тіптен араластырмаған.
Жәбірейіл (а.с.) Құран уахиын сүннет ретіндегі уахидан
бөлек түрде әкелетін. Құранды бейне бір жарлық түрінде
алып оқиды, сүннет уахиын болса, бірнеше практикалық
нұсқаулар тәсілінде білдіретін. Құран уахиы келгенде
Пайғамбарымыз (с.а.у.) дереу жазушыларын шақыртып,
20
*
Сенің ойыңда жинау немесе кітап етіп жинау.
9
Бухари, Сахих, Бәдул-Уахи, 1.