Previous Page  24 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 24 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

уахи келген кезіндегі тап болған жағдай егер қояншық ау-

руы болса, ол оған ренжіп‚ ауыруы басылып кеткенде оған

қуанар еді. Бірақ, нақтылы жағдай оның керісінше. Өйткені,

Ол (с.а.у.) уахи үзілген

фәтрәт

кезінде уахи періштесін

сағынышпен күтетін.

ә) Уахи - Оның бойынан рухани мастық пен қорылдау бел-

гілерін әрдайым көрсете бермейтін. Кейде періште адам бей-

несінде келетін. Расулұллаһ (с.а.у.) оның Жәбірейіл екенін

білсе де, өзінің әдеттегі күйін айнытпайтын.

б) Медицинадан анықталғандай қояншық ауыруы

ұстаған кезде адамның түсіну мен ойлау қабілеті түгелімен

дерлік жоғалып, айналасында болып жатқан істердің

парқына бара алмайды. Өзінде не болып жатқанын білмейді.

Санасы өшік тұрады… Алайда, Хазіреті Пайғамбар уахидің

соңынан қасындағы адамдарға құқықтың, мінез-құлықтың,

құлшылықтың, әдебтіліктің, қиссалардың ең көркем мы-

салдарын қамтыған Құран аяттарын баяндайтын. Оның бір

ұқсасын жарыққа шығаруға барлық адамзаттың шамасы

келмеген сөз бір қояншықтың аузынан қалай пайда болмақ?

в) Қояншық болған адам қатты дірілдейді. Ал‚ бірақ уа-

хи келгенде Пайғамбарда ондай дірілдеу күйі болғаны ай-

тылмайды.

г) Қояншық ұстағанда адам сандырақтайды. Хазіреті

Пайғамбарда (с.а.у) ондай жағдай мүлдем болмаған. Оның

уахи алғаннан кейін баяндаған Құраны қолымызда. Дос та‚

дұшпан да мойындаған Құранның баянындағы кемелдіктің

негізі.

ғ) Жүз мыңдаған қояншығы бар адамдар келіп, кетті.

Бірақ, бұлардың ішінде мұндай ұлы дін қалыптастырып,

ақылға қонымды негіздер мен сөздерді ортаға салып, тепе-

теңдік үлгісін ұсынған бірде-бір адам жоқ.

14

14

М. Хамидуллаһ, Құран Кәрім тарихы, 12-бет.

26