Previous Page  30 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 30 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

қабаттарында жиналған иләһи үкімдер немесе қағаз бен

маңдайшаларда топталған әріп пішіндері, яки тілдерде тәр-

тил етілген (оқылған) дауыстар жиынтығы. Осылайша бұл

Кәлам - әр түрлі ақиқаттарды қамтып, «ілімдерді жинаған

сөз» немесе «кітапта жиналған ілімдер» мағынасына келеді.

1

Шынында Аллаһ Құранның “барлық нәрсені түсіндіретінін”

(Нахыл, 89)

білдірген. Пайғамбарымыз да ол туралы: «Онда сіз-

дерден бұрынғылардың жағдайлары, сіздерден кейінгілердің

хабарлары мен араларыңыздағы мәселелердің үкімдері

бар»

2

дей отырып, Құранның

жәмийетіне

(мазмұнының

байлығына) нұсқаған.

Діни терминдегі Құранның анықтамасы мынадай:

«Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) уахи жолымен түсірілген,

мұсхафтарда жазылған, тәуәтүрмен жеткізілген, тиләуәтімен

құлшылық етілген ғажайып иләһи сөз».

Құран милади 610-632 жылдары арасындағы 23 жылдық

елшілік дәуірінде Пайғамбарымызға (с.а.у.) Аллаһ тарапы-

нан әр түрлі оқиғалар арқылы жіберілген мәтлу уахилардың

жиынтығы.

ҚҰРАННЫҢ ТҮСУЖОЛДАРЫ

Құранды жіберген Заттың ұлылығын білдіру үшін не

бұл нұсқаулардың уахи түрімен келгендігін көрсету үшін

Құран аят кәримәларының келуі - нүзул (түсу) немесе сол

түбірден инзал (түсіру), тәнзил (көптеп және бөлек-бөлек

түсіру) түсініктерімен баяндалған. Бұл жердегі түсіру сөзінің

мақсаты білдіру дегенді білдіреді.

Аллаһ Тағала Құранды мына үш түрде түсірген. Олардың

әрбірі

тәнәззүл

(көпше түрі:

тәнәззүлат

) делінеді.

32

1

М. А. Дераз, «ән-Нәбәул-Азим», 7-8 бет.

2

Ахмед б. Ханбәл, «Мүснәд», I, 91; Дарими, «Фәзәйлул-Құран», 1.