

“Хикмет”
баспа үйі
оған шектелеміз. Аяттарға бөлінудің себептерін дәлелдейтін
көптеген деректер бар. Кейбір ғалымдар
сәмаи
және
тәуқифи
болған тәсілмен бірге қияси болғандарының да бар екенін
қабылдайды. Бірақ, нәтижесі жағынан Құран мәтінінде кем-
дікке және артықшылыққа жол бермегендіктен бұл соңғы
көзқарасты қолдауда тұрған ешбір қолайсыздық жоқ.
Кейбір аят кәримәлардың басталып бітетін жерле-
рінде келіспеушіліктің шығуы, мәселенің ижтиһади
болғандығынан емес, қырағат ғалымдарына жеткен риуа-
яттардың түрлілігінен болған еді. Түрлі риуаяттарда
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әр түрлі уақытта оқығандағы
тоқтайтын жерлерінің себебінен (
уакыф
және
ибтида
) пайда
болған. Ол алғаш оқығанында, аяттың басын білдіру үшін
әр аяттың соңында тоқтайтын‚ тұратын. Бұған үйренушілер
қанық болғанда, мағыналық байланысын жалғастыру үшін
кейде артынан келген аятқа өтіп кететін. Сондықтан алғаш
естіген адам бүкіл аятты бір аят екен деп ойлап қалатын.
4
Құран аяттарының барлығының 6200-дей болғандығына
бір ауыздан келісім болғанымен, 6200-дің үстіне қабылдана-
тын аят сандарына қырағат мектептерінің арасында тартыс
бар. Куфи қырағатына қарағанда бұл бөлшек 36, Меккеге
қарағанда 20, Шамға қарағанда 16, Мәдинаға қарағанда 17
(немесе 14‚ немесе 10)
, Басраға қарағанда 4
(немесе 5‚ немесе 19)
.
Аяттардың реттелуі
Аяттардың ретінің Мұсхаф шәрифтегі ретімен болған
мәселесінде үммет бірауызда келіскен. Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) өмірінде болсын, одан кейін болсын, мұсхафтардың
барлығында бірдей жағдай көрініп, бұған қайшы ешбір
мәселе жалғанбаған. Сондай-ақ Жәбірейіл (алейһиссәләм)
36
4
Зәрқани, «Мәнәхил», I, 344-бет.