

“Хикмет”
баспа үйі
1) Құранды
Ләухул-Махфузға
түсірген. «Әрине ол, ұлы
бір Құран Лаухы Махфузда сақтаулы»
(Бүруж, 21-22)
деген аят
кәримә сөзімізді дәлелдейді.
2) Дүние аспанындағы (яғни жерге ең жақын көктегі)
«Бәйтул-иззәға
немесе
әл-Бәйтул-Ма’мурға»
түсірілуі.
«Негізінен Құранды қадыр түнінде түсірдік»
(Қадір, 1)
,
«Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік»
(Дұхан, 3)
және
«Рамазан айы сондай бір ай, ол айда (…)»
(Бақара, 185)
деген аят
кәримәлары, Құранның Рамазан айының түндерінің бірінде
түскендігін көрсетеді. Бұл түн «Қадір түні» немесе «Қасиетті
түн» ретінде анықталған. Жоғарыда айтылғандай, Хазіре-
ті Пайғамбарға (с.а.у.) Құранның барлығы бір түнде толық
емес, жиырма үш жыл бойы түрлі себептердің арқасында жі-
берілген. Олай болса, жоғарыда айтылған үш аят кәримәмен
нұсқалғаны, Пайғамбарымызға (с.а.у.) түсіріле бастағанынан
басқа да түсу жолы болуы керек. Дүние аспанындағы
Бәйтул-
иззәға
түсуін түсіндірмек болған Ибн Аббаста мәукуф сахих
хадистер бар. Бірақ, осы жайлы сөйлеген сахабаның сөздері
– Пайғамбардан (с.а.у.)
мәрфуғ
түрінде жеткізілген. Өйткені,
бұлардың ижтиһадпен білінетін мәселе еместігі анық.
Сондықтан олардың бұл мәліметтерді Хазіреті Пайғамбардан
(с.а.у) үйренгендері түсінікті жағдай.
Әл-Хаким Ибн Аббастан былай риуаят етеді:
«Құран Зікірден бөлініп
Бәйтул-иззәға
түсірілді. Арты-
нан Жәбірейіл оны Хазіреті Пайғамбарға түсіре бастады».
Бұл тақырыпта дәлелдеуге қиындық туғызған бірнеше
көзқарастар бар. Бұлардың біріне сүйенсек Құран дүниенің
аспанына жиырма үш қадыр түнінде түскен. Әрбір қадыр
түнінде Пайғамбарымызға бір жылда бөлініп-бөлініп, ене-
тін уахилар бір мәртеде түскен. Ал енді мына көзқарас бо-
йынша, Құран қадыр түнінде Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.)
33