Previous Page  37 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 37 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

қалай істегендігі көрсетілген болады. Алғашқы мұсылмандар

аспанды дауысқа құлақ салуда сондай бір зейін көрсеткен,

яғни жиырма үш жылдық ұзақ дәуірлер бойында келген

уахилардың көбісін уақытқа, мекенге және адамдарға байла-

ныстарын белгілеп‚ жазып қойған. Кейде тақырыбын да көзде

ұстап, бағалаған. Келген уахидың һижрәттан бұрын немесе

кейін, үйде немесе сапарда, күндіз немесе түнде, қыста не-

месе жазда түскендігін де үнемі анықтап отырған. Осылайша

уахидың кезеңдерін білу, Құранның тәфсирін де жеңілдетеді.

Тіпті‚МұхаммедибнХабиб ән-Нисабури (ө. 406-1015) былайде-

ген: «Құран ілімдерінің ең ерекше бөлігінің бірі - аяттарының

түсуін және бағыттарын, сондай-ақ‚ Мекке дәуірінің басында,

ортасында және соңында түскендерін, Мәдина дәуірінде де дәл

сол түрде білу, Меккеде түскенімен үкім жағынан мәдиналық,

ал, Мәдинада түскенімен үкім жағынан меккелік болғанын

білу». Бірақ‚ бұл кісінің мына айтқанын да асырып айтқан деп

қабылдай аламыз: «Нағыз тәпсірші - Мәдина тұрғындары ту-

ралы Меккеде түскенді, Мекке тұрғындары туралы Мәдинада

түскенді, Мәдинада түсіп, меккелікке, сондай-ақ Мекке-

де түсіп, мәдиналыққа ұқсағанды, (…) күндіз немесе түнде

түскенді, басқа періштелердің бірге болуымен немесе жеке

Жәбірейіл арқылы түскенді, сондай-ақ‚ меккелік сүрелердегі

мәдиналық аяттарды, мәдиналық сүрелердегі меккелік аят-

тарды, Меккеден Мәдинаға апарылғанды, Мәдинадан Мекке-

ге апарылғанды, Мәдинадан Хабашстанға апарылғанды (…)

білуі керек. Міне, осындай жиырма бес шартты білмегеннің

және араларындағы айырмашылықты ажырата алмағанның

Аллаһтың кітабы туралы сөз айтуы халал болмайды»

.

6

Мысалы, әл-Мүмтахина сүресіне түскен мекені жағынан

қарайтынболсақ, ол- басынансоңынашейінМәдинадатүскен.

Яғни, уақыт жағынан һижрәттан кейін. Тыңдаушылары

39

6

Зәрқәши, Бурһан, I, 92-бет.