Previous Page  41 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

әдістеме жағынан әдемілеп талдау жасаған. Өте нақтылығы

айтылмаса да, реттелуде атақты ислами риуаяттың барынша

сенімді екенін айта аламыз.

Абдұллаһ ибн Мәсғуд, Алқамә (ө. 62/681) секілді алғашқы

тәпсіршілерденжәне де кейінненшыққан кейбір ғалымдардан

жасалған риуаяттарды бағалайтын болсақ, мекки мен мәдәни

сүре және аяттарды ажырату мәселесінде мына өлшемдердің

негізге алынғанын көреміз. Бұлардың бөліп көрсетілген бір-

екеуінен басқасы нақты.

Мына ерекшеліктерге ие болған сүрелер мекки:

1) Сәжде аятын қамтыған барлық сүрелер.

2)

Кәлла

сөзін қамтыған сүрелер.

3) ُ

س

� �

��

ا

�َ� �

�َ

أ

�َ�

(Ей, адамзат!) қамтып, ішінде َ

��ِ��

ا

�َ� �

�َ

أ

�َ�

ا

�ُ�َ�

أ

(Ей, мүминдер!) болмаған бүкіл сүрелер

(Хаж, 77 тыс)

.

4) (Бақара сүресінен тыс) пайғамбарлардың және өткен

үмбеттердің қиссаларын қамтыған сүрелер.

5) Адам мен Ібіліс қиссасын қамтыған сүрелер (Бақара

сүресінен тыс).

6)

Хұруф-и мұқатта’амен

басталған (Бақара мен Әли

Имран сүрелерінен басқа) жиырма жеті сүре.

Нақты болған бұл ерекшеліктерден басқа, мекки

сүрелердің едәуір бөлігі мына сипаттарды да қамтиды:

1) Аят пен сүрелер қысқа, баяны жинақы, сөйлемдер

қызулы және екпінді.

2) Аллаһқа және ақиретке иманға (сенуге) шақырады.

Жәннат пен жәһәннам бейнелері көптеу.

3) Жақсы мінез-құлыққа және тура жолға үндейді.

4) Мүшриктермен шайқасады және шіркті шірітеді.

5)

Арабшадағы тәсілді бақылап, анттарға көп орын береді.

43