Previous Page  45 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 45 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

Сүрелердің тәртібі

Сүрелердің қолымыздағы қасиетті Мұсхафтағы ретінің

неге сүйенгендігі туралы басты үш көзқарас бар:

а) Барлық сүрелердің тәртібі - Хазіреті Пайғамбардың

(с.а.у.) нұсқауына сүйенген, яғни тәуқифи. Өйткені, Хазіре-

ті Осман кезінде жазылып,

Имам

атауы берілген мұсхафты,

барлық асхаб, оның ішінде қолдарында жеке нұсқалары

болғандары да бір ауыздан қабылдаған. Имам мұсхафтағы

реті, қазіргі кездегі бізге мәлім реті. Тәуқифи болмағанда

қарсылық шығатын еді. Басқа жағынан көптеген хадистер-

де, сүрелердің бірінен кейін бірі реттелгендігін айтуы да

осыны көрсетеді. Шындығында, асхабтан Уасыла ибн әл-

Аска Пайғамбарымыздың (с.а.у.) былай дегенін жеткізеді:

“Маған Тәуратқа тең -

әс-сәбут-түуәл

, Зәбурға тең -

әл-миун

,

Інжілге тең әл-Мәсани берілді және Мұфассалмен де мен

ерекше болдым”. Сүрелердің ретінің тәуқифи болғандығын

қабылдағандар арасында Әбу Жағфар ән-Нәһһас, әл-Кирма-

ни, ӘбуБәкір ибнул-Әнбари бар (БәйхакименСуюти де Әнфал

және Тәубе сүрелерінен басқа бұл пікірді қабылдайды). Оларға

қарағанда, ауызша әмір болмаса да, іс-әрекетпен жасалған

тәуқифилік бар. Бұған қарсылық болмаған. Сондай-ақ Хау-

амим (Ха мимдер) бір арада, бірақ

Мусәббиһаттың

арасына

Мужадәлә, Мумтахинә, Мунәфиқун сүрелері кірген. Та син

мим, Шұғара мен Қасас арасына Та син Нәмл кірген; бұл да

ижтиһадпен болмағандығына дәлел (М. Әбу Шуһбе, Мәдһал,

329-331 б. Субхи Салих та бұл пікірді қостағандардан (71 б.).

Бұған қарсы дәлел болмағандығын, басқалай тәртіппен са-

хаба мұсхафтарының өзінше еңбек болып, иелерінің басқа

мұсылмандарды қабылдауға шақырмағандарын айтады).

ә) Сүрелердің бір бөлігінің тәртібі Пайғамбарымыздың

(с.а.у.) білдіруіне, қалған бөлігі сахабаның ижтиһадына қа-

тысты. Ибн Атийе, Зәрқани және басқа ғалымдар осы пікірде

47