

“Хикмет”
баспа үйі
қосылумен бірге‚ қандай сүрелердің тәуқифи болғандығы ту-
ралы олардың арасында тағы да келіспеушіліктер болған.
Әс-сәбут-тувәл
(2-9 сүрелер), әл-Хауамим (40-46
сүрелер),
әл-Мұфассал
(50-114 сүрелер) бөлімдеріндегі
сүрелердің тәртібі, Бәни Исрайл (Исра), Кәһф, Мәриям, Таһа
және Әнбия (17-21 сүрелер), сондай-ақ Ықлас, Фәлақ және
Нас сүрелерінің (112-114 сүрелер) бірінің соңынан бірі келге-
ні туралы хадистер бар.
15
б) Бұл тәртіп сахабаның ижтиһадына жатады. Өйткені,
сахабадан Хазіреті Әли, Ұбәй ибн Кағб, Ибн Мәсуд секілді
кісілердің меншікті нұсқаларындағы сүрелердің реттелуінде
өзгешеліктер кездеседі. Тәвқифи болғанда олар бұл билікке,
өзгешелікке өздеріне лайық деп қарамайтын еді.
Сүрелердің бөлінуі (тасниф)
ҚұранКәрімніңмәтіні - практикалық (тәжірибе)жағынан
оңай болуы үшін сүрелерден тұратын бірнеше топтарға
бөлінген:
1)
Әс-Сәбут-түвәл
* - «ең ұзын жеті сүре» деген мағына
береді. Олар Фатихадан кейінгі 2-9 - Бақара, Әли Имран,
Ниса, Әнғам, Ағраф, Әнфал‚ Тәубе сүрелері болып табылады.
(Бисмиллаһпен бөлінбегендіктен кейбір адамдар Әнфал мен
Тәубені бір сүре деп есептеген).
2)
әл-Миун:
Бірінші топтан кейінгі және аят сандары 100-
ге жуық немесе одан да біраз асатын сүрелер (Қолымыздағы
әдебиеттерде бұл сүрелер жайында толық бір шектеу көре
алмадық).
48
15
Зәрқәши, Бурһан, I, 258.
*
Тыйуаль деп оқу кең тараған, алайда дұрысы ең ұзын мағынасындағы
«тула» сын есімінің көпше түрі қылып «Туаль» деп оқу. (Бурһан, І, 244)