

“Хикмет”
баспа үйі
тарапынан жеткізілген. Ұсыну кезінде олардың жанында
кейбір сахабалардың болғандығы риуаяттардан байқалады.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) соңғы рамазанында болған арз-
ды
«әл-ардатүл ахирә»
дейді. Бұл туралы Хазіреті Фатима
өзіне Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жасырын түрде: «Жәбірейіл
Құрандыменімен әр жылы бір мәрте салыстыратын. Биыл бол-
са екі мәрте мұқабәлә етті. Осыдан-ақ ажалымның келгендігін
түсіндім» дегенін Хазіреті Айшаға айтқан.
Ислам әлеміндегі бақыт ғасырынан қазірге дейін
жалғасқан
мұқабәлә
әдеті арз ерекшелігінің дәстүрін жанды
ұстау қалауының бір көрінісі болып табылады.
ҚҰРАН МӘТІНІНІҢ МҰСХАФ ХАЛІНЕ КЕЛТІРІЛУІ
Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тірі кезінде үздіксіз
уахи келіп тұрғандықтан, Құран мәтінін кітапқа
(дәффәтәйн)
айналдырып‚ мұсхаф халіне келтіруі мүмкін емес еді. Бұлай
жасалған болса жиі-жиі өзгерту енгізу, араға кіретін бірнеше
аятты орналастыру үшін екінің бірінде жазылған көп мәтінді
жоюға мәжбүрлік туатын еді. Екіншіден болса, көптеген қари
Құран мәтінін жаттап, үнемі оқып тұратын және асхабтың бір
бөлігінің жанында жазулы нұсқалары да болатын. Сондықтан
мәтіннің сақталуы тақырыбында алаңдауға себеп жоқ еді.
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) дүниеден өткеннен кейін, һәм
ол секілді кепілдік берушінің араларынан кетуі һәм Исламға
қауіп төндірген иртидат әрекеттеріне қарсы соғыстар иләһи
жол көрсетуші - Құран Кәрім мәтінінің үмметтің ижма’ынан
өтіп, бір сөзінен болса да, ешкімді шек-шүбәға апармайтын
түрде қияметке дейін ешкім қарсылық ете алмайтын
имам
*
болуы қажеті туындаған еді.
54
*
Хз.ӘбуБәкржаздырып,Хз.Османкөбейттіргенмұсхафтығалымдарымыз
«Әл-Мусхафуль Имам» немесе жәй ғана «Әл-Имам» деп атаған.