Previous Page  56 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 56 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

телген түрде Құран мәтінін қамтыған құжат» мағынасында

қолданылған және сол кезден бері бүкіл мұсылмандар осы-

лай түсінеді.

Мұсхаф шәриф Хазіреті Әбу Бәкірден кейін Хазіре-

ті Омарға өткен, ол оны өмір бойы жанында ұстап, қайтыс

болғанда қызы Хафсаға қалдырған.

МҰСХАФТЫҢ ХАЗІРЕТІ ОСМАННЫҢ ХАЛИФАЛЫҒЫ

КЕЗІНДЕ КӨБЕЙТІЛУІ

Һижри 12 жылы Хазіреті Әбу Бәкір дәуіріндегі жинақтау

ісінен кейін Хазіреті Омардың халифалығында және Хазіре-

ті Османның халифалығының алғашқы кезеңдерінде жағдай

өзгермеген қалыпта еді. Тек аз уақыттан кейін мұсылмандар

арасында бұл имам Мұсхафтан көптеген нұсқалар көшіру

қажеттілігі пайда болды.

ХазіретіОмармүһәжирлердіңалдыңғықатардағыасхабтың

Мәдинадан кетіп қалуына тосқауыл қою үшін қиындықтар

туғызып, олардың өзінің рұқсаты болмайынша, Мәдинадан

кете алмайтынын жариялаған еді. Одан кейін халифа болған

Хазіреті Осман сыртқа шығуды еркіне қойды. Сахаба кеңейген

Ислам мемлекетінің өркендеп дамыған орталықтарына тара-

ды. Әр қаланың тұрғындары, араларында болған сахабаның

үйреткен қырағаты бойынша‚ мысалға Дамашқ халқы Миктад

ибнӘсуәдтан,КуфахалқыАбдұллаһибнМәсудтан,Басрахалқы

Мұса әл-Әшаридан, Шам жағы Ұбәй ибн Қағбтан үйренген еді.

Осылайша қалалардың арасында түрлі қырағаттар пайда бол-

ды. Сондай-ақ Хазіреті Әбу Бәкір дәуірінде жазылған имам

Мұсхаф жеті әріпті (акцент) назарға алып, яғни кейбір сөздерді

акценттеріне қарай түрлі дыбыс ырғақтарын көрсететіндей

етіп жазған еді. Көбінесе емле ережесі бірдей болғанымен, сол

сөзді оқу‚ сөйлеу әр түрлі бола беретін еді.

58