Previous Page  61 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 61 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

буын әріптерінің әр біріне, арық ұрғашы түйеге, су жолы-

на, белгіге»

3

5

атау бола алады. Хадисте өткен жеті әріптің

көптеген түрде түсінік беруінің себептерінің бірі, сөздің көп

мағыналарға келуі. Өйткені, көп мағыналы сөз жанындағы

бір сөз не басқа бір белгінің арқасында белгілі бір мағынаға

жүктеледі. Ғалымдардың көбісі жеті әріпті, «жеті араб диа-

лектісі» немесе «жеті түр» деп түсінген.

Араларында Ибн Кұтайба, Ибн Абдилбәрр, Мекки Ибн

Әби Тәлиб секілді ұлылары бар жамағаттың пікіріне қараған-

да жеті әріп Құран мәтініне таралған:

1)

Дыбыс ырғақтарындағы айырмашылыққа қарамастан

мағыналарының бірдей болуы.

2)

Не болмаса әрі дыбыс ырғағының, әрі мағынаның

айырмашылығы болуы.

3)

Бір сөздің көптігі немесе кемдігі.

4)

Харекенің (әріптің дыбысы) ауысуы.

5)

Сөзді алдына қою немесе кейінге қалдыру.

6)

Мәд немесе қасыр

секілді сөздің не негізіне, не дыбыс-

тың ырғағына байланысты айырмашылықтар. Бұл өзгерістер

емле ережесінде өзгеріске жол аша алатындықтары секілді‚

өзгерісеке жол ашпаулары да мүмкін. Міне, бұл түрлердің

әрқайсысы бір әріп, қырағат түрлері көп болса да нәтижеде

мына жеті түрге қайта оралады:

1) Сөздің мағынаға әсер етпейтіндей, қысқа немесе ұзын

оқылуы, иғраб немесе бинасының өзгеруі:

�ْ�ُ�

(бухл)

немесе

�َ�َ�

(бахал)

сияқты.

2) Мағынаға әсер ететіндей түрде иғраб немесе бинасы

өзгеріске ұшыраса да, жазудың сол қалпында қалуы және

63

35

Асым Мырза, Сөздік.