Previous Page  66 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

Қырағаттар жетеумен шектелмесе де не үшін бұл

жеті имам атақты болды? Хазіреті Осман мұсхафтарды

жаздырғанында сол ІІ-ІІІ ғасырларда қарилар көп еді.

Төртінші ғасырда мұсхафқа сәйкес болу шартын алға тартып,

сонымен қатар фыкыһта терең білімді болу, нақылында сенім-

ді болу, діндарлығы және кең ілімі, салихалы егде жасымен

бір аймақтың сеніміне ие болған кісілерді іздеді және Хазіреті

Осман мұсхаф жіберген әр аймақтан, сол аймақтағы мұсхаф

бойынша қырағатты толық меңгерген имамдар таңдады.

Бұлар осы істегі терең ілімдерімен танымал болған, өмірлері

қырағат оқуменен өткен, бұрын аты аталған жеті кісі еді.

Нақыл еткен қырағаттарының өздеріне теңестірілу әдет бо-

лып, қалыптасқан. Бұл имамдардың қырағаттарына сенім

артылуының өлшемі мынау:

1) Пайғамбарымыздан (с.а.у) сахих тізбекпен риуаят етілуі.

2) Хазіреті Османның имам мұсхафына сөзсіз мо-

йынсұну. Мысалы: Хазіреті Османның мұсхафында әлиф

жазылмағандығынан

�ِ�ِّ��

ْم ِا

�َ�ِ �ِ��َ�

сахих нақылмен әрі

�ِ��َ�

) (мәәлик), әрі (ِ

�ِ�َ�

) (мәлик) деп риуаят етілген. Бұл да

мұсхафтың жазуына бұлай болса да сәйкес келеді.

3) Әркім құптайтындай араб тілінің ережелеріне сәйкес

болуы.

38

Бұл үш шартты қамтыған қырағаттар жоғарыда аталған

жеті имамнан‚ не басқаларынан таратылса да қабылдануға

тиісті, жоққа шығаруға болмайды. Сондай-ақ Әбу Жағфар

(ө. 130/748), Яқуб (ө. 185/801) және Халеф (ө. 229/844)

қырағаттары да сахих қырағаттарға жатады. Бұл шарттарға

ие болмағандар болса, қайсыбір имамға қарасты болса да шаз

немесе мәрдут саналады.

68

38

С. Рамазан, Рауайлүл-Құран, 103-бет.